Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік тілдің құқықтық мәртебесі

Мемлекеттік тілдің құқықтық мәртебесі

Мемлекеттік тіл – әділдік алаңының негізі | arainfo.kz «Тіл – әр ұлттың жаны». Мемлекеттік тіліміз – қазақ тіліне деген құрмет тек мәдениетпен, салт-дәстүрмен шектелмейді. Бүгінгі күні ол – нақты заң нормаларымен бекітілген, құқықтық міндеттемелермен қорғалған жүйелі саясаттың өзегі. Әсіресе, құқық қорғау органдары сынды мемлекет пен азаматтың арасындағы алтын көпір рөлін атқаратын салаларда тіл саясатының дұрыс жүзеге асуы – егемен елдің келешегі үшін аса маңызды. ҚР Конституциясының 14-бабында ешкімді де ұлты мен тіліне байланысты кемсітуге болмайды. Заң мен сот алдында бəрінің теңдігі туралы негізгі конституциялық қағидаттарды сақтамағаны үшін жауапкершілікті, мемлекетке азаматтардың тіліне, оның ішінде, азаматтардың тең құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруін қамтамасыз етеді делінген.
Расында, тілді құрметтеу – ұлтты, елді құрметтеу. Бұл ортақ ұстаным болуы тиіс. Әсіресе, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерінің сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ететін құқық қорғау органдары үшін мемлекеттік тілде жұмыс істеу – ұлттық қауіпсіздіктің де бір кепілі. Себебі, тіл – елді біріктіреді. Тіл – бірлік пен тәртіптің негізі. Ал, тәртіп – құқық үстемдігінің өзегі.  Сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілдің орны зор. Ол – әділ сот төрелігін қамтамасыз ететін басты тетік. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңда әрбір адамның сот процесіне өз ана тілінде қатысуға және құжаттарды сол тілде ұсынуға толық құқығы бар екендігі нақты көрсетілген. Бұл да тілімізге көрсетілген құрметтің бір парасы.
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің алғашқы Жолдауында: «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек», – деген болатын. Мемлекет бұл мақсатта барлық жағдайды жасап келеді.Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру үшін заңнамаға енізілген өзгерістер мен толықтырулар – мемлекеттің өз тіліне деген шынайы қамқорлығының, заң алдындағы теңдіктің, және азаматтың құқығына деген құрметтің көрінісі. Енді бұл заңның орындалуы – уақыт еншісінде. Десе де, бұл тек заңгерлер мен судьялардың ғана жұмысы емес. Бұл – әр мемлекеттік қызметшінің және құқық қорғау қызметкерлерінің, әрбір азаматтың ортақ міндеті. Қазақ тілінің құқығы – Қазақстан азаматының құқығы. Сондықтан, бұл заңның салмағын түсіну – баршамызға парыз.
Тәуелсіздік бізге санымыз бен рухымызды арттырды, тіліміздің тұғырын биіктетуге жол ашты. Қадыр Мырзалиевтің «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген сөзі қазіргі қоғамда да маңызын жоғалтқан жоқ. Әрбір қазақстандық қазақ тілінің мәртебесін көтеруге өз үлесін қосса, ана тіліміз еліміздің болашағы үшін қызмет ететіні анық.
Б.Д.Қасиет
Шиелі аудандық сотының сот әкімшісінің бас маман сот отырысының хатшысы
11 желтоқсан 2025 ж. 26 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (9360)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031