Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ОҚУШЫЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ – БАҚЫЛАУДА

ОҚУШЫЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ – БАҚЫЛАУДА

Қазіргі заманда балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігі – тек ата-ананың ғана емес, тұтас қоғамның басты міндеті. Әсіресе құқық бұзушылық, беймезгіл уақытта жүру, әлеуметтік қысым, суицид және ерте жүктілік сияқты мәселелер жасөспірімдер өміріне тікелей қауіп төндіруі мүмкін. Осыған байланысты Шиелі ауданы әкімдігі мен аудандық прокуратурасының бастамасымен білім беру ұйымдарында кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.


тап айтқанда, №46 А.С.Пушкин атындағы мектеплицейінде №46, 45, 252 мектеп оқушыларының қатысуымен құқық қорғау органдары, білім беру ұйымдары, үкіметтік емес ұйымдар және ата-аналар комитеті мүшелерінен құралған бірлескен топ арнайы жиын ұйымдастырды. Сала мамандары оқушыларға нақты мысалдар келтіре отырып, маңызды сұрақтарға толық жауап берді. Балалардың қауіпсіздігі – қоғамның ортақ міндеті. Әрбір жасөспірімнің өмірі мен денсаулығы – қорғауға лайық баға жетпес құндылық. Құқық қорғау органдары, білім беру саласы, үкіметтік емес ұйымдар және ата-аналар бірлесіп жүргізіп отырған осындай ісшаралар жас ұрпаққа тек құқықтық білім беріп қана қоймай, оларды қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға үйретеді. Мұндай жиындар балаларға өз қауіпсіздігін бағалауды, қауіпті жағдайлардан сақтануды және қиындықтарды бөлісу жолдарын көрсетеді. Сонымен қатар олар жасөспірімдердің психологиялық саулығын нығайтуға, сенімділік пен жауапкершілікті қалыптастыруға көмектеседі. Жас ұрпақты қорғау – тек ата-ананың емес, барша қоғам мүшелерінің бірлескен ісі екенін әрбір шара тағы да айқын көрсетіп отыр.

Айнұр ИБРАШЕВА
02 желтоқсан 2025 ж. 27 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031