Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖРВИ және тұмаудың алдын алу

ЖРВИ және тұмаудың алдын алу

Тұмау — қауіпті ауру Күн райының өзгеруіне байланысты тұрғындар арасында тұмау өршіп кетеді. Олардың көпшілігі – балалар. Әдетте біз тұмауға жеңіл-желпі қарай саламыз. Алайда бұның соңы денедегі өзге де созылмалы ауруларды өршітіп, асқынуға әкелуі мүмкін. Тұмауды қоздыратын вирустар тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау микробы ауаға жөтелгенде, түшкіру арқылы таралады.
Тұмау – тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы, түшкіргенде және жөтелгенде ауа арқылы жұғады. Инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан 7 күнге дейін созылады. Бірнеше сағат ішінде дене температурасы 39-40 градусқа дейін көтеріліп, бас айналу, әлсіздік, буындар мен сүйек-бұлшықеттерінің ауырсынуы болады. Мамандар тұмау жұқтырған адамның өзін-өзі емдеумен айналыс­пауын, науқастанып қалған жағдайда мамандарға көріну керектігін, қажет жағдайда дәрігерді үйге шақыру қажеттігін айтады.
Тұмаудың эпидемиялық маусымы қазаннан сәуірге дейін жалғасады. Қаңтарда ауру өршиді. Сондықтан, тұрғындар вакцинадан бас тартпай, емделу керек. Екпе салдырған адамдар да ауыруы мүмкін. Бірақ, жеңіл түрде өтеді. Бұл дәлелденген. Тұмау – ең қауіпті ауру. Адам иммунитетін азайтып, басқа ауруларға жол ашады. Адам ағзасы басқа аурулардың асқынуына әкеледі.
Сондай-ақ, тұмау жұқтырған адамдар медициналық маска киіп жүруі керек. Ең тиімді әдісі таза ауада жиі серуендеу өкпенің вентиляцисын жоғарылатып, қан айналым жүйесін жақсартады. Үй де жұмыс орнын да жүйелі түрде ауаны тазартып желдетіп тұру қажет. Сонымен қатар, лимон, бал, таңқурай секілді құрамында С дәрумені бар өнімдерді жиі пайдалану керек.
Бұл жолғы вирус қызудың тым жоғарылап, 5-7 күнге дейін түспеуімен ерекшеленіп тұрғандай. Өткен жылдың алғашқы 10 айында ауданда ЖРВИ белгілерімен шағымданған 1424 адам, оның ішінде 1123 бала тіркелсе, биыл дәл осы кезеңде науқастар саны 1553-ке жетіп отыр. Оның 951-і 14 жасқа толмаған балалар. Тұмау вирусының 150-ден астам түрі бар. Ал, адам соның ең ауыр және қауіпті деген біреуіне ғана қарсы вакцина ектіреді. Сондықтан уақытылы тұмауға қарсы вакцина қабылдап, өз денсаулықтарыңызды күтіңіздер!
Бекжанова Забира
Шиелі аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау бөлімінің жетекші маманы
15 қараша 2025 ж. 50 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№87 (9354)

17 қараша 2025 ж.

№86 (9353)

11 қараша 2025 ж.

№85 (9352)

10 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930