Мен өмірді қалаймын
Мен өмірді қалаймын,Оны бақыт санаймын.
Есірткісіз өмірді,
Бақ ғұмырға балаймын!
Салауатты өмірді,
Сүрсең өмір көңілді.
Спорт сүйген адамға,
Нұр шуақтап төгілді.
Айтар болсам адалын,
Спорт сүйер баламын.
Жағалаймын әрдайым,
Спорт шаршы алаңын.
Спорт өмір базарың,
Денсаулық мол ажарың.
Мен достарға айтарым,
Есірткі ол - Ажалың!
Айтсам ақыл бола ма,
Оған көңіл тола ма?
Есің болса, достарым,
Есірткіге жолама!
Өмір неткен тамаша,
Денсаулыққа қараса.
Тәуелді боп ауруға,
Сұрамағын араша!
Бағаласаң уақытты,
Табасыңдар бақытты.
Спорт сүйген әрбір жан,
Деп ойлаймын бақ ұтты!
Ибадулла Бексұлтан Айдосұлы
№270 Ғ.Мұхамеджанов атындағы
орта мектебінің 6 «Б» сынып оқушысы








