Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мен өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

Ақтарған соң ақ параққа бар шынын,
Жанарына жиналмай ма, тамшы мұң?
Дөңгеленген дүниеде адамның
Сабындай-ақ ғұмыры бар қамшының.

Адам жаны - бір Алладан аманат.
Табиғаты тұмса талант, ғаламат.
Өтсе шіркін, өмір судай таза боп
Болмысына жоламаса жаманат...

Деймін-дағы, армандаймын тамсанып,
Адамдарға алаңдаймын соншалық.
Салауатты ұстар еді-ау тұлғасын
Биік мақсат, армандары болса анық.

Шіркін адам!
Тіршілігің бір басқа!
Парасатың жолдас етер мың досқа!
Қалсаң егер түзу жолдан жаңылып
Зар боларсың шер тарқатар мұңдасқа.

Мың бәлекет тажал шығар алдыңнан,
Арылтам деп бойыңдағы бар-мұңнан.
Талайларды әкетті арақ құрдымға
Талайларды есірткі естен тандырған.

Емексітіп бірде еріксіз көсілтті,
Бірде түгел үміт отын өшіртті.
Тұтас ұлтқа тілсіз тажал боп жеткен
Тұтынғанын тұтқын еткен есірткі!

Қайран адам!
Бас қадамды бағамдап!
Есірткі ме, әкелетін саған бақ?
Табиғаттың қымбат сыйы - бойыңды
Есірткімен ала көрме арамдап.

Есірткі егіп, түп тамырды жаншыдың,
Білсең бұл бір адам үшін бар шығын.
Мейлі сөзім жақпай өтсін жалпыға,
Есірткіге әр сәт сайын қарсымын!

Жаным жүдеу - жейдесіндей малшының,
Әйтсе де әркез адамдыққа жаршымын!
Тірілерді тартып жатқан тамұққа,
Мен әлбетте есірткіге қарсымын!

Сілкін, адам!
Сүрлеуден өт сан айдын!
Сенім артып шуағын сез арайдың.
Жат қылықсыз, салауатты, сымбатты
Адам үшін жақсы өмірді қалаймын!

Әр адамды жақыным деп санаймын!
Алғысына бөленемін талайдың.
Спорт сүйіп, есірткіден арылған
Мен әдемі, жайлы өмірді қалаймын!

Мақпал Жусанбаева
N40 А.Қыраубаева атындағы орта мектеп
Қызылорда облысы
Шиелі ауданы
Бірінші Мамыр ауылы
10 қараша 2024 ж. 568 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031