Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Абай облысының оқушылары ерекше мобильді қосымша жасады

Абай облысының оқушылары ерекше мобильді қосымша жасады

Абай облысының оқушылары ерекше мобильді қосымша жасадыСемей қаласы №50 жалпы орта білім беретін IT мектеп-лицейінің 7-сынып оқушылары Айару Рахимбекова мен Ақбота Муратова «Helping Hand App» әлеуметтік маңызы бар мобильді қосымша әзірледі.

Қосымша көру қабілеті бұзылған жандардың күнделікті өмірін жеңілдетуге бағытталған. MIT App Inventor платформасында жасалған жоба дауыстық хабарламалар арқылы ақпарат беріп, күнделікті тапсырмаларды орындауға көмектеседі. Қарапайым интерфейсі мен ыңғайлы басқару жүйесі пайдаланушыға қолайлы. Қосымшаны телефонға QR-код арқылы жүктеп көшіруге болады.

«Бұл жоба тек технологиялық тәжірибе емес. Біз қосымшаның адамдарға пайдалы болу жағын ойладық. Алдағы уақытта қосымшаны жетілдіріп, қолданыс аясын кеңейтуді жоспарлап отырмыз», – дейді оқушылар.

Жетекшісі: информатика пәні мұғалімі Айнұр Сарғызова


02 қазан 2025 ж. 127 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№87 (9354)

17 қараша 2025 ж.

№86 (9353)

11 қараша 2025 ж.

№85 (9352)

10 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930