Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық жас өнертапқыш зағип жандарға арналған мобильді қосымша жасады

Қызылордалық жас өнертапқыш зағип жандарға арналған мобильді қосымша жасады

Қызылордалық жас өнертапқыш Азамат Ибрагим зағип жандарға арнап жасаған «Janarym AI» мобильді қосымшасын жасап шығарды.
Өнертапқыштың аталған жобасы облыстық «Smart city Kyzylorda» IT жобалар байқауында «Әзірлеу бағыты» бойынша 3-орынға лайықты деп танылды.
«Мобильді қосымша арқылы тұрғындар волонтерге видеоқоңырау, ақылды камера, инклюзия академиясы, инклюзивті қоғамдастық сынды бірегей функцияларға ие болады. Үлкен волонтерлік жүйені қалыптастыру жолында, еріктілерді ынталандыру жолы қарастырылған. Бұл мақсатта бонустық жүйе ойластырылған», – деді ол.
Жобаның интерактивті, сандық прототипі дайындалды. Алдағы уақытта аталған жобаның техникалық әзірлеу сатысы әзірленеді. Сол арқылы ерекше жандар үшін қолайлы әлеуметтік орта жасау ойластырылған.
«Осылайша жоба инклюзивті, цифрлық бағытта өз жұмысын жүргізеді. Жоғары жылдамдықты интернет, GPS, камерамен жабдықталған смартфон және «Jañarym AI» қосымшасы арқылы зағиптар күнделікті тұрмыста кездескен тосқауылдар мен қиындықтарды оп-оңай шеше алады. Атап айтқсақ, жолда адасқан зағип жан қосымшаны ашып, камераны айналаға бағдарлайды. Ал оған енгізілген жасанды интеллект алдындағы тосқауылдар мен жол жүру белгілерін анықтап, қолданушыға ауызша хабарлайды. «Карта-навигатор» цифрлық сервисі жол сілтейді», – деді Азамат.

syrboyi.kz
​​​Фото: ашық дереккөз
28 қаңтар 2024 ж. 169 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031