Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «ЕГІН ЖИНАУ НАУҚАНЫ БАРЫСЫ» ТАЛҚЫЛАНДЫ

«ЕГІН ЖИНАУ НАУҚАНЫ БАРЫСЫ» ТАЛҚЫЛАНДЫ

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Алмат Алдабергеновтың төрағалығымен мәжіліс отырысы өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, кент және ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ дербес бөлім басшылары қатысты.
Күн тәртібінде негізгі мәселе ретінде аудандағы егін жинау науқанының барысы қаралды. Бұл бағытта аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Мұрат Әшірбеков баяндама жасады.
Биылғы жылы аудан бойынша ауыл шаруашылығы дақылдары белгіленген мерзімде егілді. Қазіргі таңда диқандарымыз егінді орып, астықты жинау жұмыстарын қызу жүргізіп жатыр. Жиналған өнімді уақытылы қабылдау пункттеріне жеткізу, сапасын төмендетпей сақтау мәселелері де бақылауда екені атап өтілді.
Мәжіліс барысында ауылдық округ әкімдеріне егін жинау жұмыстарын ұйымдастыруда уақыт жоғалтпай, науқанды мерзімінде аяқтау, шаруашылықтармен тығыз байланыста болу жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы техникаларының толық әрі тиімді жұмысын қамтамасыз ету, жанар-жағармай қорын қадағалау, өнімді сақтау қоймаларының дайындығын назарда ұстау қажеттігі айтылды.
Мәжіліс соңында аудан әкімінің міндетін атқарушы Алмат Алдабергенов ауыл шаруашылығы саласы аудан экономикасының негізгі тірегі екенін атап өтіп, жауапты бөлімдер мен тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеді.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі
25 қыркүйек 2025 ж. 50 0