Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » СУДЫ ҮНЕМДЕУ – ТҰРАҚТЫ ДАМУ КЕПІЛІ

СУДЫ ҮНЕМДЕУ – ТҰРАҚТЫ ДАМУ КЕПІЛІ

Премьер-министр Олжас Бектенов Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келіп, өңірдегі су ресурстарын басқару және су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Сапар аясында Үкімет басшысы Президент тапсырмаларының орындалу барысын пысықтап, «Ақмая» шаруа қожалығының егіс алқаптарын аралады. Мұнда күріш, күздік бидай және жоңышқа дақылдарын өсіруде пайдаланылып жатқан жаңа тәсілдер мен су үнемдеу әдістерінің тиімділігі көрсетілді. Бұл сапар су ресурста - рын ұтымды басқару мен ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту бағытында жасалып жатқан нақты қадамдардың бірі болды. Сонымен қатар Премьер-министр өңірдің негізгі гидротехникалық нысандарында болды. Атап айтқанда, Сырдария ауданында орналасқан «Әйтек» су торабының жұмысы тексерілді. Су торабы 2004 жылы САРАТС жобасы аясында пайдалануға берілді. «Әйтек» есебінен 13 мың гектар егіс алқабы мен 3 319 гектар көл жүйесі, сондай-ақ 120,8 мың гектар шабындық және жайылымдық жерлер сумен қамтамасыз етіледі. Олжас Бектенов Қызылорда қаласы, Қызылөзек ауылдық округіне қарасты 120 мың гектардан астам аумақтағы көл жүйесі мен жайылымдық жерлерді сумен қамтамасыз ететін Қараөзек арнасының үстінен ұшып өтті. Қызылорда су торабын аралау барысында су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жақанов ө ң і р д е г і а ғ ы м д а ғ ы с у шаруашылығы жағдайы мен қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Қызылорда су торабы 1956 жылы пайдалануға берілген және 120 мың гектар аумақты суаруды қамтамасыз етеді. Сапар барысында Премьер-министр Мемлекет басшысының су үнемдеу технологияларын белсенді енгізу жөніндегі алға қойған міндетіне назар аударды. Бұл қазіргі гидрологиялық жағдайда өте өзекті. Осыған байланысты Үкіметтің басымдығы – ауыл ш а р у а ш ы л ы ғ ы өндірушілерін тұрақты су - мен қамтып, оның ішінде олардың суды тиімді пайдаланудың заманауи технологияларына кезеңкезеңімен көшуі есебінен қамтамасыз ету.

Осы тұрғыда 2024 жылы Су және ирригация министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп инвестициялық субсидиялау және суармалы су ережелеріне тиісті өзгерістер енгізді. Енді тамшылатып және жаңбырлатып суаруды енгізген шаруашылықтармен суды пайдалануға арналған келісімшарттар басым тәртіппен жасалада. Қалғандары қалдық көлем және суды үнемдейтін шешімдерге көшу міндеттемесі болған жағдайда ғана ресурстарға сене алады. Жүйелік деңгейде егіс құрылымын әртараптандыру жұмыстары жүргізілуде. АӨК-ні дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес ылғалсүйгіш дақылдардың егістігін қысқарту көзделеді. Атап айтқанда, күріш пен мақта алқабы 41 мың гектарға, оның ішінде күріш алқабы 10 мың гектарға азаяды. Сонымен бірге жүгері мен жем-шөп дақылдарының өндірісі кеңейіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу дамуда. Бұл шаралар суармалы жерлердегі су тұтынудың үлесін кем дегенде 20%-ға төмендетуге бағытталған. Өңірде су балансының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін мелиорация бойынша шаралар енгізілуде: Түркістан және Қызылорда облыстарында 118 тік дренаж жүйесі және 243 сорғы агрегаты іске қосылды. Коллекторлық-дренажды суды қайта пайдалану жүзеге асырылады және кезектестіре әрі түнгі суару жүйесі тәжірибеден өтуде. Сапар қорытындысы бойынша Олжас Бектенов суды тиімді пайдалану тәжірибесін кеңейту және шаруаларды суарудың заманауи әдістеріне көшуге ынталандыру қажеттігін атап өтті. Жалпы, Үкімет бұл бағыттағы жұмысты өңірлермен, жауапты министрліктермен және су пайдаланушылармен үйлестіре жалғастыратын болады.

«Өскен өңір» ақпарат
04 тамыз 2025 ж. 37 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (9324)

02 тамыз 2025 ж.

№56 (9323)

29 шілде 2025 ж.

№55 (9322)

28 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031