ТАМШЫЛАТЫП СУАРУ ТАБЫСЫ
Араға бір жұма уақыт салып, ауданға тағы бір министр табан тіреді. Арнайы жұмыс сапарымен келген Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов «Ақмая» шаруа қожалығының су үнемдеу технологиясы арқылы қолға алынған көкөніс, бақша өсіру жұмыстарымен танысып, Шиелі ауданының су пайдаланушыларымен кездесті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов пен аудан әкімі Нұржан Ахатов қатысты.
Егіс алқабында өткен жиын барысында аталған сала министріне аудан әкімі Нұржан Сәбитұлы Шиелі ауданы бойынша егістік саласының көрсеткіштерінің жай-күйін таныстырды. Биыл аудандағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің барлығы 31 740 гектар жерді құрап отыр. Соның ішінде тамшылатып суару әдісімен көкөніс-бақша дақылдары қызанақ – 880 га, қияр – 132 га, жеміс көшеті – 62 га, болгар бұрышы – 37 га, қырыққабат – 39 га, қарбыз – 100 га, дәндік жүгері – 800 га жерге егілген. Сонымен қатар аудан әкімі «Ауыл аманаты» жобасы арқылы 2,5 пайызбен 27,6 млн теңге несие алып, қызанақ пастасын өндіру цехын ашқан «Барлыбай және К» өндірістік кооперативінің иесі Қанат Мұсаевты таныстырды. Осы жоба аясында аудан көлемінде 548 млн теңге қаражатқа 75 жоба қаржыландырылғанына тоқталып және ауданда іске асып жатқан «Таң ЛТД» ЖШС-нің 3000 гектар жерге жерге тамшылатып суғару әдісімен дәндік жүгері егу жобасы да министрге таныстырылды.
Тиісінше шаруашылық құрылымдарына министрлік тарапынан осы аяқ суға қатысты жүйелі жұмыстар да атқарылып келеді. Бұл туралы министр Нұржан Молдиярұлы өз сөзінде баяндады.
Тиісінше шаруашылық құрылымдарына министрлік тарапынан осы аяқ суға қатысты жүйелі жұмыстар да атқарылып келеді. Бұл туралы министр Нұржан Молдиярұлы өз сөзінде баяндады.
– Біздің Сыр еліндегі сапарымыздың негізгі мақсаты – шаруашылық тараптан суды үнемдеу технологияларды қалай пайдаланып жатыр және үкімет тарапынан осыған қандай жәрдем беріліп келеді осы мәселелер бойынша шаруа қожалық төрағалары, су шаруашылығы мен ауыл шаруашылық бөлімі мамандарының қатысуымен жиын өткіздік. Биылғы жылы Қызылорда облысы су үнемдеу технологиялары бекітілген мөлшерді 100% орындады. Сонымен қатар биыл 84 000 га жерге күріш егілген болса, соның 55 000 га жері лазерлік тегістеу арқылы жүзеге асты. Нәтижесінде 20-30 пайызға дейін суды үнемдеуге біз қол жеткіздік. Бүгінгі күні Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп тамшылатып, жаңбырлатып суару жүйесін енгізген шаруа қожалықтарына субсидия көлемін 50%-дан 80% дейін көтердік. Оның 50% республикалық бюджеттен, ал 30% жергілікті бюджеттен қаралады. Сондай-ақ су ұңғымаларын қазатан шаруа қожалықтары үшін де дәл сондай жеңілдіктер қарастырылған. Негізгі суды үнемдеп пайдаланудағы жасап жатқан жүйеміз, егілетін дәнді дақылдардың егіс көлемін қысқартпай, керісінше өнімділігін арттыру мақсатынды жұмыстар жүргізудеміз, – деді министрі.
Министр Нұржан Молдиярұлы аудан көлемінде атқарылып жатқан жүйелі жұмыстарға оң бағасын беріп, «Ауыл аманаты» арқылы іске асқан жобалардың санын әлі де арттыру қажеттігін тілге тиек етті. Сапар барысын сәтті пайдаланған шаруа қожалық төрағалары су саласындағы өзекті мәселелерді атап өтіп, ұсыныстарын жеткізді.
Кездесу соңында су шаруашылығы саласының ардагері, бау-бақша өнімдерін өсіру шебері Әлияр Сейітов егіннің мол болып, қамбаның алтын дәнге толуын тіліп, батасын берді.

Мейіржан ИБРАГИМОВ