Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанада базар өртенді

Астанада базар өртенді

Астанада базар өртендіЕлордадағы Байқоңыр ауданы Алаш тас жолының бойында орналасқан Big Шанхай базарынан өрт шыққан. ТЖМ қызыл жалын туралы хабар кеш берілгендіктен от үш қабатты ғимараттың бүкіл аумағына таралып кеткенін сағат 03: 38 шамасында  жариялаған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға орнына алғашқы бөлімшелер жеткенде өрт өршіп, қабатаралық жабын ішінара құлаған. Құтқарушылар өрт қарқынының жоғары болғанын, қатты түтін де оны сөндіруде біршама қиындық туғызғанын атап өткен. «Базар әкімшілігі өрт туралы хабарламаған. Өртті бірінші және үшінші қабаттың терезелерінен шыққан қою қара түтінді байқап қалған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өздері анықтаған», делінген ТЖМ хабарламасында. Өртті сөндіруге ТЖД және жергілікті атқарушы органның 165 қызметкері және шамамен 62 бірлік техникасы жұмылдырылған.  Қызыл жалын сағат 07:10-да оқшауланған. 
18 шілде 2025 ж. 133 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (9330)

23 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930