Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Маусым айында электр қуаты азайып, су тұтыну артқан

Маусым айында электр қуаты азайып, су тұтыну артқан

Маусым айында электр қуаты азайып, су тұтыну артқанЕлімізде маусым айында электр энергиясын тұтыну көлемі күрт төмендеді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылғы маусымда Қазақстанда электрмен жабдықтау деңгейі мамырмен салыстырғанда 6,6 пайызға кеміп, 9,2 млрд киловатт/сағатты құрады. Бұл – бір айдың ішіндегі айтарлықтай өзгеріс саналады, деп жазады Egemen.kz.
Энергия ресурстарына қатысты өзге де деректер де назар аудартады. Мәселен, жылу энергиясын өндіру көлемі де азайған. Маусымда еліміз бойынша 3,7 млн гигакалория жылу өндіріліп, бұл көрсеткіш мамыр айымен салыстырғанда 4,2 пайызға төмен болған. Сарапшылар бұл өзгерісті ауа райының жылынуымен байланыстырып отыр – жаз айларында жылуға деген сұраныс әдетте азаяды.
Ал су ресурстарын пайдалану керісінше, өсім көрсетті. Елдегі сумен жабдықтау көлемі маусымда 254 млн текше метрге жетіп, бір ай ішінде 7,6 пайызға артқан. Бұл көрсеткіш ауыл шаруашылығы маусымының қызған шағымен және ауа температурасының көтерілуіне байланысты су тұтынудың ұлғаюымен түсіндіріледі. Сарапшылардың айтуынша, электр және жылу тұтынуындағы маусымдық ауытқулар – қалыпты құбылыс. Алайда бұл көрсеткіштер энергетикалық жоспарлауға, инфрақұрылымды оңтайландыруға және тұтыну мәдениетін қалыптастыруға айтарлықтай ықпал етеді.
18 шілде 2025 ж. 113 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (9330)

23 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930