Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Цифрлы жүйе дәрігерлер жұмысын жеңілдетеді

Цифрлы жүйе дәрігерлер жұмысын жеңілдетеді

Медициналық кластердің орталығы Ақтөбеде рентген түсірілімдері пленкада шығарылмайтын болды. Цифрлы жүйенің көмегімен бірден электронды форматта беріледі. Қала ауруханаларында орнатылатын «ПАКС» жүйесі дәрігерлердің де жұмысын жеңілдетті. Қажетті жабдықтарды Оңтүстік Кореяның ірі медициналық институты орнатады. Облыс пен Оңтүстік Корея арасында арнайы меморандумға қол қойылды. Жалпы екі жақ бірнеше жылдан бері әріптестік қарым-қатынаста әрекет етіп, бірлескен жобаларды іске асырып жатыр. Бұған дейін шетелдік әріптестер телемедицинаға қажетті қондырғыларды орнатқан еді. «ПАКС» жүйесін енгізу үшін Оңтүстік Корея 170 млн теңге көлемінде қаржы бөлді. Жалпы, осыдан 1 жыл бұрын қаланың емханалары мен ауруханалары бірыңғай ақпараттық жүйеге қосылды. Яғни тұрғындардың электронды «денсаулық паспорты» жасалып, сырқат туралы ақпарат осы жүйеге енгізілді. Әсет Қалиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: – Дәрігердің жұмысын жеңілдетуге, тиімді пайдалануға, уақытын үнемдеуге, сонымен қатар жасалып жатқан емнің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Әртүрлі рентген жасалған визуализациялық әдістердің барлығын смартфонмен, компьютермен тікелей тексеріс жасаған жерден автоматты түрде дәрігерлер өз жұмыс орнында көруге мүмкіндігі бар. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасады.

24.kz
03 маусым 2018 ж. 1 344 0