АУДАН МЕДИЦИНАСЫНЫҢ КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЙЕДІ

Ауданға түс ауа атбасын тіреген делегация мүшелері бұған дейін көршілес Жаңақорған кентіндегі «Қамқорлық» оңалту орталығы және «Томенарық» ауылдық амбулаториясында болды. Шиелі кентіне келген қонақтар көпсалалы орталық аудандық ауруханасы ғимаратының қосымша блогының құрылысымен танысты. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында ауданда бірқатар денсаулық сақтау нысандарында құрылыс және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ көпбейінді орталық ауруханасына қарасты жұқпалы аурулар бөлімшесінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жоба құны – 2 миллиард 323 миллион теңгені құрады. Мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесі бойынша бас мердігер ретінде «Дәнекер» ЖШС танылып, құрылыс нысаны 2025 жылдың маусым айында аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. 1970 жылы салынған «Болашақ» дәрігерлік амбулаториясы бүгінде Шиелі кентінің 8 351 тұрғынына қызмет көрсетеді. Алайда ғимараттың инженерлік жүйелері мен құрылыс конструкциялары тозығы жеткендіктен, күрделі жөндеу қажеттілігі туындады. Жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтті. Күрделі жөндеу құны – 255,8 миллион теңге деп бағаланып мердігер ұйым – «Жабдықтау» ЖШС жұмыс жүргізіп жатыр. Тағы да бір жағымды жаңалық – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2024-2025 жылдарға арналған медициналық 2025 жылдарға арналған медициналық көмекті жетілдіру жөніндегі Жол картасына сәйкес Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасында госпиталды фармация бөлімі ашылды. Бұл бөлім дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің тиімділігін арттырып, клиникалық фармакология қызметін жетілдіруге ықпал етеді. Аталмыш жобалар аудан тұрғындарына қолжетімді әрі сапалы медициналық көмек көрсетуге бағытталған. Шиелі ауданаралық ауруханасының көпбейінді ауруханаға айналуына байланысты медициналық қызмет ауқымы кеңейтілуде. Инсульттік бөлімше ашылып, 650 миллион теңгеге МРТ аппаратымен жабдықтау жоспарланды. Алайда, медициналық құрылғыларды орнату үшін ғимарат тапшылығы байқалды. Осыған байланысты аудандық аурухана жанынан қосымша ғимарат салу туралы шешім қабылданып, дәл қазір құрылыс жұмыстары аяқталуда. Құны – 733,2 миллион теңге болатын жобаны да «Дәнекер» ЖШС іске асырды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков дәл осындай ғимарат Шиеліден бөлек Арал ауданында да пайдалануға берілетінін айтып өтті. Шиелідегі МРТ қондырғысының қызметін, аймағымыздың оңтүстігіндегі екі ауданның тұрғындары пайдалана алады. Делегация мүшелері бұдан кейін Алмалы ауылында болып, дәрігерлік амбулаторияның жұмысымен танысты. Мұндағы медициналық мекеме ғимараты 1960 жылы салынған және қазіргі заман талаптарына сай емес еді.
Сондықтан жаңа ғимарат салу туралы шешім қабылданып, бұл мақсатқа бюджеттен қаражат бөлінді. Құрылыс жұмыстарын Қызылорда облысының «Бақ-Береке» жауапкершілігі шектеулі Береке» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізіп, жалпы құны инфрақұрылымымен бірге 380 миллион теңгеден асты. «Алмалы» дәрігерлік амбулаториясы Алмалы және Тоғайлы ауылдарының тұрғындарына медициналық қызмет көрсетеді. Бұл жерде дәрігер, фельдшер, медбикелер, химизатор, әлеуметтік қызметкер, акушерка және бірқатар техникалық қызметкер жұмыс істейді. Мысалы, физиотерапия кабинетінде бес заманауи медициналық аппарат орнатылып, жұмыс істеп тұр. Оның жанында денешынықтыру кабинеті орналасқан. Одан бөлек, мұнда қақырық жинау кабинеті, стерилизациялық бөлме, процедуралық бөлме, егу кабинеті, дәріхана, дәрі-дәрмектерді сақтау қоймасы бар. Сонымен қатар, химизаторға арналған, медициналық қызметкерлерге арналған, фильтркабинет, акушерлік кабинет, тіркеу бөлімі, әжетханалар мен душ кабиналары, медициналық қалдықтарды сақтау және дезинфекциялық ерітінділерді дайындауға арналған бөлмелер де қарастырылған. Медициналық мекемеде 4 төсек-орындық күндізгі стационар жұмыс істейді. Делегация мүшелері «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы өңірімізде қарқынды іске асып жатқанын көріп, оң бағаларын берді. Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков еркін сұхбат форматында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ө к і л д е р і н і ң , р е с п у б л и к а л ы қ медициналық ұйымдар мен өңірлердің денсаулық сақтау басқармасы басшыларынын ауданның тыныс- тіршілігімен әлеуметтік-экономикалық даму барысымен таныстырып, жұмыстарына табыс тіледі.
Айдар Бақытжанұлы, Сурет Б.Бәйімбеттікі