Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МАЙДАНГЕРДІҢ ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

МАЙДАНГЕРДІҢ ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Бүгін мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері Ыдырыс Қалиевтың туғанына 100 жыл толуына орай еске алу шарасы өтті. Майдангердің ескерткіш-мүсініне гүл шоқтары қойылып, рухына құран бағышталды. Бұл шараға қала әкімінің орынбасары Бақытжан Омаров, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шакизат Төребаев, Ыдырыс Қалиевтің жұбайы және қоғам қайраткерлері қатысып, ел ақсақалы болған ардагердің өнегелі өмірінен естеліктер айтты. Өз дәуірінің дара тұлғасы, Сыр елінің парасатты перзенті Ыдырыс Қалиев өмірін халқына қызмет етуге арнады. Ол екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту», «Отан соғысы», «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Құрмет», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталып, Қызылорда облысының, Қызылорда қаласының, Арал, Қазалы аудандарының «Құрметті азаматы» атанды. Майдангерді еске алу шарасы облыстық ғылыми-танымдық конференциямен жалғасуда.

15 мамыр 2025 ж. 180 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9363)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (9362)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031