ҚЫЗЫЛОРДАДА БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ- ИННОВАЦИЯЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ АШЫЛДЫ

Жаңа нысандардың ашылуы – бұл жәй ғана ғимараттардың салынуы емес, жаңа дәуірде бәсекеге қабілетті ұландарымызға жаңа мүмкіндіктер сыйлау. Егемен елімізді өркендетудегі, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі өрелі бастамаларымыз табысты болсын! Ел іргесі биік, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!», -деді Нұрлыбек Машбекұлы. Рәсімде ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы, Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Абдуламитұлы құттықтау сөз сөйледі. Ғимаратты салған «BI Global» ЖШС құрылысшылары облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Шығармашылық-инновациялық академия бір мезетте 500 оқушы, тәулігіне 3 мың оқушыға дейін қабылдайды.Мұнда бассейн, топтық жаттығу бөлмесі, көркем гимнастика және фитнес залы орналасқан. Сондай-ақ үстел ойындарына арналған кабинет, жекпе-жек, үстел теннисі залдары бар. Барлық залда ұлдар мен қыздарға арналған жеке-жеке киім ауыстыру бөлмелері қарастырылған. Көркемдік-эстетикалық бағытта кескіндеме, сурет салу, резин арт бөлмесі, балалар шығармашылығы шеберханасы, сәндік-қолданбалы өнер, FabLab, дыбыс жазу студиясы, робототехника және жасанды интеллект, биотехнология, 3D модельдеу, КИП және автоматтандыру, киберспорт және математика кабинеттері жұмыс істейді. Айта кету керек, өткен жылы өңірде білім беру инфрақұрылымын дамытуда 13 ғимарат пайдалануға берілді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 10 мектептің құрылысы жоспарланып, бүгінде 3 мың орындық 6 мектеп ашылды. Қалған 4-еуі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, физика-математика мектеп-интернаты және «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен музыкалық колледждің жаңа ғимараты салынуда. Соңғы үш жылда 3 оқушылар сарайы мен 2 өнер мектебі іске қосылды. Бүгінде Шиелі ауданында 200 орындық оқушылар сарайы мен 50 орындық өнер мектебінің құрылысы жүргізілуде.
@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі