Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БЕЙБІТ КҮННІҢ БАҒАСЫН БАТЫРЛАРМЕН БІЛЕМІЗ

БЕЙБІТ КҮННІҢ БАҒАСЫН БАТЫРЛАРМЕН БІЛЕМІЗ

Таулы Қарабақтағы әскери қақты ғыстардың басталғанына биыл 39 жыл. Осы бір тарихи оқиғада жанын шүберекке түйіп, ел намысын қорғаған ержүрек жауынгерлеріміздің ерлігі – бүгінгі ұрпаққа үлгі, мәңгілік рухани мұра. Олардың қайсарлығы мен отаншылдығы – тек тарих бетінде емес, халық жадында да алтын әріптермен жазулы. Осыған орай Шиелі ауданында тағылымы терең, ел рухын көтерер ерекше іс-шара ұйымдастырылды.
Алдымен Көкшоқы мөлтек ауданында орналасқан «Тағзым алаңында» гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Бұл рәсім – қақтығыс кезінде қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым ету, олардың Отан алдындағы борышын еске алу мақсатында ұйымдастырылды. Шараға аудан әкімінің орынбасарлары Б.Ысмағұлов пен А.Алдабергенов, Таулы Қарабақ қақтығысының ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, облыстық қоғамдық даму басқармасы мен жастар ұйымдарының жетекшілері, білім саласының қызметкерлері және белсенді жастар қатысты.
Жиналған қауым Таулы Қарабақтағы ұрыста қаза тапқан жауын¬герлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, олардың рухына Құран бағыштады. Ардагерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылып, Отан үшін өмірін қиған боздақтардың бейнесі көз алдымызда қайта жаңғырды.
Сол күні «Руханият орталығында» «Ұлы ерлік – ұмытылмас» атты танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Қатысушылар орталықтың қызметімен, аудандық кітапхана және тарихиөлкетану музейінің жұмысымен танысып, рухани мұраларымызды сақтаудағы тың бастамаларға куә болды. Елдің ертеңі – жастар үшін бұл сапар үлкен тәрбие мектебіне айналды. Мемлекеттік рәміздерді ұлықтау және патриоттық сезімді арттыру мақсатында «Арман» мәдениет үйінде «Ерлік – ел есінде, ер есімі – жүректе» атты салтанатты жиын өтті.
Мемлекеттік гимн орындалып, қаза болған сарбаздарға тағы бір мәрте үнсіздік жарияланды. Шара аясында ерлік көрсеткен азаматтар Шиелі ауданының әкімі А.Жандарбеков пен облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Р.Каюповтың Алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар «Қызылорда облысы бойынша Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығыстарды реттеуге қатысқан ардагерлер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Төлегенов атынан да бірқатар азаматтарға Алғыс хат табысталды.
Шараның соңын отансүйгіштік пен ерлікке толы концерттік бағдарлама түйіндеді. Бұл кеш – ән мен сөз арқылы елге деген сүйіспеншілікті паш еткен рухани көрініске айналды.
Қарабақ қақтығысы – тарихтың ауыр беттері. Алайда сол қанды жылдарда жаужүрек жігіттердің елі үшін жасаған ерлігі – ұлттың мақтанышы. Олар – тек бір әулеттің баласы емес, тұтас елдің батырлары. Олардың есімі ел есінде, ерлігі жүректерде.

С.БАХТИЯРҚЫЗЫ
06 мамыр 2025 ж. 46 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (9300)

06 мамыр 2025 ж.

№32 (9299)

30 сәуір 2025 ж.

№31 (9298)

29 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031