Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Медқызметтерге ҚҚС мөлшері 5 пайызға дейін төмендейді

Медқызметтерге ҚҚС мөлшері 5 пайызға дейін төмендейді

2026 жылдан бастап Қазақстанда бірқатар дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтерге қосымша құн салығының 5% төмендетілген мөлшерлемесін белгілеу жоспарланып отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
«Бастапқыда 10 пайыздық ҚҚС енгізу жоспарланған болатын. Алайда бүгінгі талқылаулардан кейін біз 2026 жылдан бастап дәрі-дәрмектер мен медициналық қызметтерге төмендетілген – 5 пайыздық ҚҚС мөлшерлемесін белгілеу туралы шешімге келдік. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) және мемлекеттік тегін медициналық көмектің шеңберіндегі қызметтер қосымша құн салығынан толық босатылады», деді министр Үкіметте өткен брифингте.
Министрдің айтуынша, ҚҚС-дан босатылатын дәрілік заттар мен медициналық қызметтердің тізімі жасақталады.
«Бұл – әлеуметтік тұрғыдан маңызды препараттар тізімі, яғни ең жиі сатып алынатын дәрілер мен бүгінде жеке медициналық ұйымдар көрсетіп отырған медициналық қызметтер. Мысалы, паллиативтік және онкологиялық көмек көрсету де ҚҚС-дан босатылады», деп толықтырды А. Әлназарова.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Үкіметі ҚҚС базалық мөлшерлемесін 16 пайыз деңгейінде белгілеуді ұсынған болатын. Дегенмен, кейбір салалар үшін сараланған мөлшерлеме қолданылады. 
29 сәуір 2025 ж. 195 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031