Павлодарда мұнай өңдеу тарифі қымбаттайды

«2025 жылы зауытта дизель отынын гидротазарту қондырғысын қайта құру көзделген. Бұл өнімнің сапасын жақсартуға және оның заманауи экологиялық стандарттарға сәйкес келуіне мүмкіндік береді. Бұған қоса барынша тұрақты және болжамды өндірістік циклды қамтамасыз ететін кеңейтілген жөндеуаралық кезеңге көшу, қайталама процестердің жүктемесін ұлғайту нәтижесінде мұнай өнімдері себетін жақсарту жоспарланған. Операциялық тәуекелдерді төмендетуге және өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін көтеруге ықпал ететін технологиялық процестерді басқару жүйелері автоматтандырылады. Аталған шаралар кәсіпорынның тұрақты дамуына және өңдеудің жоғары деңгейін сақтауға бағытталған. Инвестициялық жобаларды іске асыру жеңіл мұнай өнімдерінің өнімділігін 73%-дан 75% -ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді», деп мәлімдеді кәсіпорынның баспасөз қызметінен.
Зауытта қазіргі уақытта 1 тонна шикі мұнайды өңдеудің құны – 26 500 теңге. Ал 1 мамырдан қолданыстағы тариф шамамен 34%-ға ұлғаяды.
Сонымен қатар, ПМХЗ-да ағымдағы жаңарту жұмыстары мұнай жеткізушілер үшін өнім себеті құнын 2024 жылмен салыстырғанда 6%-ға өсіруге жол ашып отыр. Бұл өңдеу тарифінің өсуін бәсеңдетпекші.
Павлодар облысы