Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖЕРГІЛІКТІ КӨКӨНІСТЕР – ЖЫЛ БОЙЫ

ЖЕРГІЛІКТІ КӨКӨНІСТЕР – ЖЫЛ БОЙЫ

Аудан тұрғындарын қысқы және ерте көктемгі мезгілде қолжетімді бағада жеміс-көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін өңірде сыйымдылығы 700 тонналық көкөніс сақтау қоймасы іске қосылмақ. Жобалық құны 170 млн теңгені құрайтын нысан жұмысы іске асқанда, 14 адамды жұмыспен қамтитылады.
– Бүгінгі таңда көкөніс сақтау қоймасында монтаждау және салқындатқыш құрал-жабдықтарын орнату жұмыстары қарқындыжүргізілуде. Қойманы жабдықтандыру үшін -2, -10 градуста ұстайтын, көлемі 360 куб, сыйымдылық мөлшері 100 тонналық 2 тоңазытқыш және +5 градустағы желдеткіш құрылғылары инвестор тарапынан күтілуде. Сондай-ақ жол тиімділігін ескеру мақсатында аудан әкімдігінің көмегімен жүк тасымалдауға арналған теміржол желісі жүргізілді, – дейді ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Мұрат Әшірбеков. Бұл – агроөнеркәсіп кешенінің и н в е с т и ц и я л ы қ ж о б а л а р ы н мемлекеттік қолдау бағытында атқарылып жатқан ауқымды жұмыс. Импортқа тәуелділікті жою үшін өз өндірісімізге басымдық берудің артықшылығы орасан зор. Игілігін ел көреді. Кәсіпкерлер де мемлекеттің қолдауын сезініп, өнім көлемін арттырады. Сондықтан игі бастама аяқсыз қалмай, ауқымы кең жобалар жүзеге асырылатынына сенім мол.

Гүлхан ЯХИЯ

21 сәуір 2025 ж. 30 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (9295)

21 сәуір 2025 ж.

№27 (9294)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (9293)

13 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930