Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық парктерге баратын туристердің саны артқан

Ұлттық парктерге баратын туристердің саны артқан

Ұлттық парктерге баратын туристердің саны артқанБұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.  Статистикалық деректерден белгілі болғандай, 2024 жылы Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға шамамен 2,8 млн адам барған, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 400 мыңға көп. Спикер қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ұлттық парктерде үйлестіру кеңестері құрылатынын айтты. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану бойынша барлық шешімдер аталған үйлестіру кеңестерінің ұсынымдарын ескере отырып қабылданады», деді комитет төрағасы. Сонымен қатар, табиғи қорықтар мен ұлттық парктерге кіру үшін төлем жинаудың ашықтығын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық қаупін азайту мақсатында ұлттық парктердің бақылау-өткізу бекеттерін автоматтандыру тұрғысында жұмыстар жүргізіліп жатыр. «Бүгінде 9 бақылау-өткізу бекеті автоматтандырылды, сондай-ақ жүйені толық автоматтандыру үшін ІІМ-нің деректер базасымен интеграциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр», деді Д.Тұрғамбаев.
13 наурыз 2025 ж. 324 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930