Елімізде 9 автокөлік өткізу пункті жаңғыртылып жатыр
10 автомобильдік шекара бекетінде автоматтандырылған электронды кезек жүйесі енгізілді.
Қазақстанда автокөлік өткізу пунктерін толыққанды жаңғырту жалғасуда. Бүгінгі таңда жаңарту Қытай, Өзбекстан және Түрікменстан шекарасындағы 9 бақылау-өткізу пунктіне қатысты.

Сонымен қатар Еуразия экономикалық одақтың сыртқы шекарасы бойынша барлық 10 автомобильдік шекара бекетінде автоматтандырылған электронды кезек жүйесі енгізілді. Оны «Qoldau.kz» платформасында және «CargoRuqsat» мобилді қосымшасы арқылы пайдалануға болады.
Жүйені енгізу республикалық маңызы бар жолдар бойында автокөліктердің жиналып қалуын болдырмауға мүмкіндік берді және тасымалдау процесінің ашықтығын қамтамасыз етті.