Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БЕРЕКЕ БАСТАУЫ – БІРЛІК

БЕРЕКЕ БАСТАУЫ – БІРЛІК

Дүйсенбі күні Руханият орталығында этнос өкілдерінің қатысуымен «Алғыс айту – асыл қасиет» атты мерекелік концерт өтті. Шара аудандық қоғамдық даму бөлімінің тапсырысы аясында, «Қазалы-Жомарт» қоғамдық бірлестігінің және «Арман» мәдениет үйінің ұйымдастыруымен көрініс тапты.
Аталған шараның алғы сөзі аудандық Әйелдер кеңесінің төрайымы Нәйла Әбілқасымқызы мен «АМANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратоваға берілді. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Алғыс айту күнін татулық, ынтымақ, достық секілді құндылықтар жан-жақты насихатталып, бірлігімізді бекемдей түсетінін атап көрсетті. Президент елдегі тұрақтылықты, ұлттар мен этностар арасындағы бірлік пен татулықты сақтауға бағытталған жұмыстарды үнемі назардан тыс қалдырған емес. Сол себептен этнос өкілдерінің отандастарымызға және туған өлкеге деген кіршіксіз алғыс сезімі бұл мерекеге ерекше терең мағына береді. Атаулы күннің 1 наурыз болып таңдалуы да айрықша мәнге ие. Өйткені бұл күн Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнімен тұспа-тұс келеді. Биыл Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылғанына – 30 жыл. Ауданның әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыру жолында аянбай еңбек етіп жүрген сіздерге ризашылығым шексіз, – деді Н.Палымбет. Іс-шара барысында белсенді этнос өкілдеріне аудан әкімінің «Алғыс хаты» табысталды. Расында, басқосу ерекше форматта өтті. Этнос өкілдері дән риза. Тіпті олар мерекелік шараға ұлттық нақыштағы киім үлгісімен келген. Солардың арасында №23 Геологиялық барлау экспедициясының 6-разряд электр газбен дәнекерлеушісі Валерий Андронов та бар. – Алғыс айту күні – бізді бұрынғыдан да жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола бермек. Бүгінгі бірлік – бірге еңбек етіп, төккен теріміздің нәтижесі. Жылдан-жылға бірлігіміз нығая берсін, – деді Валерий қуана. Салтанатты шараның соңы «Арман» мәдениет үйінің өнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасына ұласты.

Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ
05 наурыз 2025 ж. 293 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (9285)

08 наурыз 2025 ж.

№17 (9284)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (9283)

01 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31