Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қарағанды – Жезқазған» автобусы қайтадан жүреді

«Қарағанды – Жезқазған» автобусы қайтадан жүреді

«Қарағанды – Жезқазған» автобусы қайтадан жүредіҰлытау облысы өз алдына енші алғанына үшінші жылға кетіп барады. Содан бері «Қарағанды – Жезқазған» бағытында жүретін автобустар тоқтап қалған еді. Жолаушылардың басым көпшілігі пойызбен қатынауға мәжбүр. Билетті екі-үш күн бұрын алып қоймаса, діттеген жеріне жете алмайды. Такси құнын қарапайым халықтың қалтасы көтере бермейді. Ұлытау облысы жеке облыс болғандықтан жолаушылар тасымалына субсидия беру республикалық бюджеттен қарастырылады. Былтыр Ұлытау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне екі облысқа жолаушылар таситын автобусты қайтадан іске қосу жөнінде ұсыныспен  шыққан.  Көлік министрлігі «қаражат келесі жылға қарастырылады» деп жауап берді.
Биыл субсидия қарастырылып, екі облыстың біреуіне яғни ірі облыс Қарағандыға рұқсат берілді.
«Өткен жұмада Қарағанды облысынан жауапты тұлғалар  «Қарағанды – Жезқазған» бағытында жолаушылар тасымалдайтын маршрутты шығаруды қолға алып жатқанын айтып,  іске қосу үшін келісім-шарт жасауға ұсыныс жасады. Біз келісім  хат жазып бердік. Енді №3 Қарағанды автопаркі бұрынғы маршрутты қайтадан жалғастырады. Қай айдан бастап жүретіні әзірге белгісіз» деді Ұлытау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Түсіпов.
24 ақпан 2025 ж. 60 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (9285)

08 наурыз 2025 ж.

№17 (9284)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (9283)

01 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31