Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзбекстан 2026 жылы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуы мүмкін

Өзбекстан 2026 жылы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуы мүмкін

ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) мүше болуы туралы шешім 2026 жылы мақұлдануы ықтимал, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі. 
Бұл туралы Өзбекстан президентінің ДСҰ мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Азизбек Урунов мәлімдеді. — Шешім түпкілікті, 2026 жылға дейін де көп уақыт қалмады, — деп жазды А.Урунов өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Айта кетейік, 18-19 ақпан аралығында ДСҰ Бас кеңесінің отырысы өтті. Оның барысында келер жылы 26-29 наурызда Камерунда өтетін саммитке дейін Өзбекстан, Эфиопия, және Босния-Герцеговинаның ұйымға қосылуын мақұлдау ұсынысы көтерілді. Бастамаға қатысты ДСҰ-ның 26 мүшесі сөз сөйлеп, оның 16-сы ресми Ташкентке қолдау білдірді. Егер Өзбекстан ұйымның толық мүшесі атанса, онда оған уақыт беріледі. Ол кезеңде мемлекет салық саясатын ДСҰ талаптарына сәйкестендіруі керек. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ұлыбритания Өзбекстанның ДСҰ-ға қосылуы үшін техникалық көмек көрсетеді. Еске салайық, таяуда президент Шавкат Мирзиёев Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу процесі аяқталуға жақын екенін мәлімдеп еді. Бұған дейін ДСҰ-ға қосылу бойынша Өзбекстан АҚШ және Қытаймен арада өткен келіссөздерді қорытындылады.





23 ақпан 2025 ж. 53 0