БАҒА БАҚЫЛАУДА

– Өткен аптада ЖК «Бакинов» тұрақтандыру қорынан картоп өнімін алып, кент орталығында орналасқан «Арсен» азық-түлік дүкені арқылы халыққа 270 теңгеден ұсынған болатын. Ал бүгінде аудандағы «Арсен», «Береке» азық-түлік дүкендерінде 210 теңгеден аудан тұрғындарына қол жетімді бағамен сатылуда. Тағы бір айта кететін жайт, нарықта картоп бағасы әр түрлі, десек те, таңдау тұтынушылар еркінде екендігін айта кетейік. Өзге 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы ауданда тұрақты, – деді ол. Ал «Береке» сауда орталығының басшысы Григорий Данелянмен тілдескенімізде: – Қазір тұрақтандыру қорынан 1,5 тонна картоп өнімін алып, азық-түлік дүкенімде 210 теңгеде халыққа ұсынып жатырмыз. Алдағы уақытта да тұрақтандыру қорынан басқа да өнім түрлерін ала отырып, ауданда тиімді бағада сату жұмыстарын ұйымдастыратын боламыз, – деді. Бүгінде елімізде азық-түлік бағаларын бақылауға алуға және оны тұрақтандыруға баса көңіл бөлініп отыр. Осыған орай, ауданда да жоспарлы да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні сол, азық-түлік бағасын бақылау басты назарда қала бермек.
А.МАХСҰТҚЫЗЫ