Қазақстанда әуе тасымалы қаншалықты қауіпсіз

Ел әуежайларында ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін барлық жағдай жасалған. Мамандар алғашқы медициналық көмек көрсету, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды сүйемелдеу бойынша тұрақты арнайы оқудан өтеді. Амбулаторлық көтергіштер, мүгедектер арбалары, көру мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған тактильді плиткалар мен дыбыстық навигация жүйелері де бар.
Еліміздің халықаралық әуежайларында ана мен балаға арналған бөлмелер, валюта айырбастау пункттері, пошта байланысы, сымсыз интернет жасақталған. Сондай-ақ онлайн тіркеу процесін жылдамдату үшін бірқатар әуе компаниялары мобильді қосымшаларды енгізген.
Қазақстанда авиация саласын дамытуды халықаралық тану ұшу қауіпсіздігіне байланысты. Көлік министрлігінің мәліметінше, еліміздегі ұшу қауіпсіздігінің халықаралық стандарттарға сәйкестік деңгейі 82% құрайды. Бұл ТМД елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш әрі Дания мен Польша сияқты Еуропа Одағы елдерінің деңгейімен салыстыруға тұрарлық.