Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл отандық әуе компаниялар 5,5 млн жолаушыны тасымалдаған

Биыл отандық әуе компаниялар 5,5 млн жолаушыны тасымалдаған

Көлік министрлігі жыл басынан бері отандық әуе компаниялар 5,5 млн жолаушыны тасымалдағанын хабарлады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінен 17%-ға артық, деп жазады Egemen.kz.

Биыл отандық әуе компаниялар 5,5 млн жолаушыны тасымалдаған
Фото: astanatv.kz

Қазір аптасына 640 рейс жиілігімен 53 бағыт бойынша 6 әуе компаниясы жолаушыларға қызмет көрсетеді. 
Әлеуметтік маңызы бар бағыттардың көлікке деген қолжетімділігі және ішкі туризмді дамыту үшін елдің 9 өңірінде 19 ішкі авиамаршрут субсидияланады.
Халықаралық әуе қатынасы туралы айтатын болсақ, рейстер аптасына 619 жиілігімен 107 бағыт бойынша 29 елге орындалатынын атап өткен жөн. Оның ішінде, Ұлыбритания, Вьетнам, Германия, Грузия, Египет, Катар, Қытай, Малайзия, БАӘ, Таиланд және басқа елдер бар.
12 шілде 2024 ж. 228 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (9327)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (9326)

11 тамыз 2025 ж.

№58 (9325)

05 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031