Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » РЕПЕТИТОР НЕГЕ КЕРЕК?

РЕПЕТИТОР НЕГЕ КЕРЕК?

Бүгінгі таңда жыл он екі ай білім беретін репетиторлардың дәурені жүріп-ақ тұр. Артық қаржы болса мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршінді де, мектеп бітіргелі жатқан түлекті де оқытқанды жөн көреді. Бұл бір жағынан мұғалім мен ата-ананы артық жүктен арылтудың бір жолы секілді. Содан болар жалдамалы мұғалімнің қызметін құп көретіндер көп. Бірақ олардың берген білімі сапалы ма? Әр сәті өлшеулі, білімі теңге тұратын репетиторға жүгіну қаншалықты тиімді?
Репетитор көбіне ҰБТға дайындық кезінде керек екені жасырын емес. Басты мақсат – сабақ барысында игере алмаған не ұмытып қалған дүниелерді қосымша оқып, меңгеру. Көпшіліктің түсінігінде мұғалім оқушының меңгере алмаған тақырыбын жеке қалып түсіндіруге тиіс. Бірақ қаншама оқушының әрқайсысымен жеке дара жұмыс істеу мұғалімге мүмкін емес. Одан бөлек өзге сыныптағы сабағы тағы бар. Осындайда репетитормен жұмыс таптырмайтын шешім болса керек.

Ғаламтор деген ғажайыпты ашсаң, керектің бәрін табасың. Біз айтып отырған жалдамалы мұғалімнің де бағасына, қызметіне қарай түртүрі бар мұнда. Арнайы сайтпен не видеоқоңыраумен, басқа да әдістермен оқытудың сан жолы да табылады. Кімнің қандай дәрежеде оқыта алатыны, атаана мен оқушыынң мұғалім жайлы пікіріне дейін жазылған. Соған лайық, қалтаңызға қарай таңдап аласыз. Бірақ «дайындаймыз» дегенді желеу етіп, топтоп баламен босқа уақыт өткізбейтіндеріне кім кепіл? Әрине, репетитордың бәрі бірдей емес, көк қағаздан бұрын, нәтижені, өзінің абыройын ойлайтын мұғалімдер жетерлік. Десе де шешім қабыламас бұрын ой елегінен өткізіп, екшелеген жөн.
БАҒА ҚАЛТА КӨТЕРЕ МЕ?
Бауыр еті баласы үшін атаана барын беруге дайын. Әсіресе мектеп бітірер тұста сынақтан сәтті өтуі үшін аянып қалмайды. Репетитор да алдымен осындай кезде қажет. Кейде білімді тек мектептен алмай, қосымша тереңдеп оқыту қажет. Әрине, қалта көтерсе... Сонымен репетиторға оқыту үшін ата ананың қалтасынан қанша қаржы шығады? Аудан тұрғыны Жұмакүл Орынбасарова былтыр мектеп бітірген қызына аз қаржы жұмсамағанын айтады. Әйтеуір абырой болғанда үміті ақталып, грантқа оқуға түсіпті. – Мектептегі ұстаздарды кінәлаудан аулақпын. Олардың еңбегі зор. Әкесі екеуміз ақылдасып, қызымызды ҰБТға математика мен таңдау пәнінен дайындау үшін мұғалім жалдауды шештік. Өйткені тереңдетіп оқытудың пайдасы болмаса, зияны жоқ. Сол үшін бапр тапқанымызды аямадық. Айына 60 мың теңге төледік. Адал еңбекпен тапқан ақшамыз текке кетпесе екен деп уайымдадық. Бір жағынан туыстардың «пәлен теңгеге мұғалім жалдап оқытқан қыздары оқуға түсе алмапты» деген сөзінен қорықтым. Бірақ Алла абырой беріп, үмітіміз ақталды. Қызым грантқа түстім дегенде қуанғанымды көрсеңіз! – дейді. Ал, Айнұр Дәулеталиева қазір қаптаған репетиторлық қызмет туралы былай дейді: – Мектептегі ұстаздан артық жаны ашып, балаға ешкім білім бере алмайды. Өзімнің 3 балам мектеп бітірді. Ешқайсысына мұғалім жалдамаппын. Қазір тіптен онлайн деген шықты. Әлеуметтік желіге кірсең қосымша тереңдетіп оқытамын, нәтижесіне гарантия дегендер көп. Бетбет отырып түсіндіргенде ұқпаған балаға телефонның арғы жағынан бірдеңені өзгертемін дегенге қалай сенуге болады? Бағалары да тым қымбат. Меніңше ондайлар ақша табуды ғана көздейтін секілді. Өз басым мектептегі білімнен артығы жоқ деп білемін. Балаларым ешкімнен кем емес, қалаған оқуларын оқып жүр, – деген Айнұр апай ақша үшін арзан жарнама жасайтындарды ажуапқа тарту керек деп есептейді. Пайдасы болмаса, зияны жоқ Анығы, мектептегі мұғалім де, репетитор да сабақты мектеп бағдарламасы шеңберінде өтеді. Тек оны бір оқушы бірден ұғып алады, екіншісіне қабылдау қиынға соғады. Сол екінші жағдайда репетитордың қажеттігі туындап жатады. Осы орайда репетиторлық қызметпен айналысып жүрген Айымжан Берікқызымен тілдестік: – Өзім декреттік демалысқа дейін мектепте ағылшын пәніне мұғалім болдым. Қазір баламен үйдемін. Аптасына 3 мәрте жеке оқу орталығында репетиторлық қызмет атқарып жүрмін. Мектепте жұмыс істеу оңай емес. Мәселен бір сыныпта 2025 оқушы бар. оның әрқайсысына 45 минут ішінде жеке түсіндіру мүмкін емес. Қасымшаға шақырғанның өзінде тек бір сыныпқа сабақ бермейміз ғой. Бірнеше сыныптың балдарын жеке шақыру тіптен қиын. Оның үстіне ағылшын тілін меңгеру қиындау болып жатады. Атааналардың айтуынша, өздері ағылшын тілін білмеген соң балдарын үйде оқыту қиын немесе жұмыстан босай алмайды. Осындайда репетиторға жүгінсе несі айып? Оның үстіне тілді терең меңгеру – заман талабы. Мен сабақ беріп жүрген орталықта бағасы әртүрлі. Топпен де, жеке де оқуға болады. Өзім ақшадан бұрын сапалы білім беруді көздеймін. Шүкір, атааналар нәтиже көргендерін айтып рахметтерін жаудырып жатады. Қысқасы, репетиторлық еш зияны жоқ, – дейді. Мектепте де мықты ұстаздар жетеді Бәрімізге белгілі, кез келген мектепте 1011 сынып оқушыларына тереңдетіп білім беруге баса мән береді. Алдағы сынақтан сүрінбей өтуге мұғалім де, атаана да, оқушы да жанын салады. Осындай да олардың таңдаған пәнін тереңдетіп оқыту, қосымша сабақтарға шақыру сияқты тәсілдер бар. Олай болса оқушыға жалдамалы ұстаздың жәрдемі неге керек? Осы сұрақты тәжірибелі мұғалім Гүлзира Досановаға қойған едік. – Өзімнің еңбек етіп жүрген мектебімде тәжірибелі ұстаздар жетерлік. Барлығы 45 минуттық сабаққа үлкен дайындықпен келеді. Стандарт бойынша тақырыпты түгел қамтуға барымызды саламыз. Жарға құлағы жастыққа тимей, күндізтүні уақытпен санаспай жүретін де осы мұғалімдер. Оқушы сабақта түсінбеген тақырыбын қосымша сақат кезінде түсіндіріледі. Бір сөзбен айтқанда мектепте деңгейі жоғары ұстаздар жетерлік, – дейді. Иә, репетитордың көптігіне дауымыз жоқ. Тек жақсы репетитор табу – өз қолыңызда. Ал сіз не дейсіз, оқырман?
Гүлхан ЯХИЯ
20 қаңтар 2025 ж. 43 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (9272)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (9271)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (9270)

14 қаңтар 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031