Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШИЕЛІДЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ШИЕЛІДЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ


Шиелі ауданына грек-рим күресінен Әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали және қазақ күресінен Әлем чемпионы Бекжан Төлепов арнайы келіп, спортшы жастармен кездесті.

"Арман" мәдениет үйінде өткен кездесуді аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов жүргізді.

Айдос Сұлтанғали Хорватияның Загреб қаласында өткен әлем чемпионатында Қазақ елінің көк байрағын көкке көтеріп, 26 жылдан бері грек-рим күресінен жолымызды жалғаған тарихи жеңіске қол жеткізген болатын.
Сондай-ақ, қазақ күресінен әлем чемпионы, бірнеше ірі халықаралық турнирлердің жеңімпазы Бекжан Төлеповтың да ел мерейін өсірген жеңістері көпшіліктің ыстық қошеметіне ие болды.

Кездесу барысында чемпиондарға аудан атынан Алғыс хаттар және сый-сияпаттар табысталды.

Сонымен қатар, екі жеңімпазға да ауданның кәсіпкерлерінің атынан Сәйгүлік ат мінгізді.

Шараға ауданның спорт ардагерлері мен жаттықтырушылары, жас спортшылар және Шиелі ауданының прокуроры Нұрбек Қаратаев қатысты.

Жиын соңында спорт ардагері, ауданның «Құрметті азаматы» Садық Ермағанбетұлы жас буынға ақ батасын берді.
13 қараша 2025 ж. 258 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№19 (9386)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (9385)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031