БАҒА ЖЕТПЕС ҚҰНДЫЛЫҚ
Адамзаттың даму тарихына үңілер болсақ, бостандық үшін, тәуелсіздік үшін күрестің толассыз жүргізілетінін байқаймыз. Тіпті, тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін де оны сақтап қалу, баянды ету, ұрпаққа аманаттау – ұлы борыш. Міне, біздің Қазақ елінің тәуелсіздік алғанына биыл 33 толады. Бұл бір қарағанда аз ғана мерзім. Алайда, осы 33 жылда Қазақстан аяғынан тік тұрып қана қоймай, әлемдік өркениетте орны бар әлеуетті мемлекет ретінде қалыптасты. Экономикасы дамыды, әлеуметтік жағдайы нығайып, елдің еңсесі көтерілді.
Қазірде елімізге тыныштық орнап, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман келді деп мақтанышпен айта аламыз. Артқа тастаған 33 жылдың ішінде не атқардық деген сауал туса, тізбектеп сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бір мемлекетке жетерлік іс тындырылды және жүзеге асырылды. Экономикалық жағдайымыз жақсарып, әл-ауқатымыз артты. Қазақ мектептері мен балабақшалар саны артты. Білім мен денсаулық жағдайына заманауи өзгерістер енді. Өзге елдермен қарым-қатынасымыз жақсарып, саяси және мәдени қатынастар да үдей түсті. Елімізідің барлық саласындағы қызметкерлерге, шет елдің түрлі саладағы мамандарымен тәжірибе алмасуға жағдай жасалды. Оқушыларға түрлі тәжірибе алаңдар, білімін шыңдауға бағытталған жобалар мен гранттар, мүмкіндіктер жыл сайын артып келеді.

Айтыскер-ақын Ринат Заитов «Тәуелсіздік елімнің төл құжаты, Тәңірім мәңгілікке мөрін басқан»,-деп жырлаған еді. Тәуелсіздігіміз мәңгілікке жалғасуы үшін біз кім болсақ та ұрпағымызды патриоттыққа тәрбиелеуіміз керек. Мейлі қарапайым ата-ана болайық, ұстаз болсақ та ұлттың болашағы біздің қолымызда.
Бибігүл САТЫБАЛДИЕВА