Кеншілер сенбілікте
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өз жалғасын табуда. Бұл шараның көзбояушылық емес, көзді қуантатын нақты істер екені қуантады.
Акцияға Шиелі ауданының түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындар мен ұйымдар белсене қатысуда. Мысалы, «Семізбай-U» ЖШС «Иіркөл» кен орнының қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кәсіпорынның жанындағы аумақты абаттандыру және тазалау сенбіліктеріне тұрақты түрде қатысып келеді. Сондай-ақ Шиелі кентінде де бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Иіркөлдіктердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы ізгілікті істері ауданға бұрыннан белгілі. Олар Сырдарияның жағасында «Грин парк» деп аталатын аймақты өз қолдарымен жасаған. Бұл – кәсіпорын қызметкерлері өз отбасыларымен демала алатын ерекше демалыс аймағы. Сонымен қатар құмдардың арасында үш бақтың негізі қаланған. Олар – «Мұхамеджан бағы», «Дархан бағы» және «Талғат бағы» деп аталады. Жалпы бұл идея да, дәл осы жігіттердің бастамасы. Еңбек ұжымы осы бастаманы сөзбен де, іс жүзінде де қолдады. Құм төбелерінің арасында осындай бақтардың саны жақын арада арта түсетініне күмән жоқ. Себебі мұнда өз қолдарымен бақ жасауға ниетті адамдар көп.
– Қазір аудан орталығының көркін «Иіркөл» деп аталатын саябақ ашып тұр. Ұжымдық жиналыста біз кентті абаттандыруға өз үлесімізді қосуға шешім қабылдадық. Жұмыстан тыс уақытта абаттандыру мен көгалдандыру сенбіліктерінде барлық иіркөлдіктер аса бір ұйымшылдық көрсетті. Саябақты салуға қатысқан барлық азаматтарға үлкен алғыс айтамын, — деді кәсіпорын басшысы М.Салқынбаев.
Мақсұт Ибрашев