ЭНЕРГЕТИКТЕР БАҚ СЫНАДЫ
Өткен аптада Шиелі аудандық спорт клубында Қазақстан Республикасына «Еңбегі сіңген энергетик», «Еңбек Қызыл Туы» орден иегері, Шиелі ауданының «Құрметті азаматы» Болат Медетбековты еске алуға арналған энергетиктер арасында «Ғибратты ғұмыр – ұлағатты ұрпақ» атты спартакиада өтті.
Аталған шараға аудан әкімінің орынбасары Алмат Алдабергенов, ардагер Асылхан Палымов пен энергетик Серік Медетбеков қатысты. Турнир салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Спорттың шағын кіші футбол, үстел теннисі, шахмат, арқан тарту, қол күресі секілді 5 түрінен өткен жарысқа 8 команда қатысып, баптары мен бақтарын сынады. Атап айтар болсақ, аудан көлемінде өткізілген бұл сайысқа «Шиелі жарығы» ЖШС, «ҚЭТТК» АҚ Шиелі АЭТ, «Уранэнерго» ЖШС, ЭЧС-25 темір жол дистанциясы, «№6 кен басқармасы» ЖШС, «Иіркөл» ТОО «Семізбай – U» ЖШС, «Шиелі цемент-Гежуба» ЖШС, ГРЭ-23 Шиелі филиалы командалары тартысқа түсті. Ойын бірнеше сағатқа созылып, спорттық сайыс қызықты өтті. Қорытынды есебі бойынша «Иіркөл» ТОО «Семізбай – U» ЖШС командасы ойыншылардың ішінен топ жарып I орынмен марапатталды. II орынды «ГРЭ-23» құрамасының ойыншылары иеленсе, Ш орынды «ҚЭТТК» командасы қанжығалады. Ал төртінші орынды «Уранэнерго» тобы еншіледі. Бесінші орынға «Шиелі жарығы» ЖШС, командасы жайғасса, ал алтыншы орын «№6 кен басқармасы» ЖШС, «Шиелі цемент-Гежуба» ЖШС, ЭЧС-25 темір жол дистанциясы командаларға бұйырды. Марапат иелері мен барша қатысушыларға марапат мен қаржылай сый-сыяпаттар табысталды.

Айта кету керек, энергетиктер арасында өткізліген ауданаралық спартакиада 2000 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Болат Медетбековтың еске алу мақсатында өткізілген ауқымды шараны әке жолын жалғаған энергетик ұлдары Серік Медетбеков пен Мәлік Медетбеков ұйымдастырды. Иә, өнегелі істі ұрпағы жалғастырып, шырағын сөндірмеу, отын өшірмеу – атадан балаға мирас. Әкенің үкілеген үмітін халық алдында дәлелдеп жүрген жаңа буын өссе – ел мерейінің өскені дерсіз.
Айнұр ИБРАШ