Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Үлгілі келіндер сайысы

Үлгілі келіндер сайысы

«Арман» мәдениет үйінде Шиелі ауданының қоғамдық даму бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің «Жас отбасылар арасында неке құндылықтарын насихаттау бағытында шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі жобасы аясында «Үлгілі келін – 2024» байқауы өтті. Кент, ауылдық округтерден 15 әулеттің жас келіндері қатысып, бақ ­сынасты. Байқауда келіндер ережеге сәйкес ІІІ кезең бойынша өз өнерлерін ортаға салды.
Ауыл – әулетінің бет-ажары қыз-келіншектің әдебімен әдемі. Шаңырақ көтерген әрбір отбасының түтіні түзу шығып, берекесі мен бірлігі жарасқан жылы ұяға айналуы да алдымен ерге серік, елге көрік отанасының қолында. Келіні жақсының керегесі алтын. Себебі шаңырақтың беріктігі мен ынтымағы, отбасындағы ұл-қыздың ұлағатты тәрбиесі келіннің бойындағы жақсы да жағымды қасиеттермен астасып жатады. Демек ибалы келін – ортасында сыйлы болуы­мен қатар ағайын-туыс арасындағы алтын көпір. Міне, осы ұлық дәстүрді насихаттау бағытында ауылда өркен жайып, ата-ене алдында өсіп-өніп жатқан жас келіндер алғашқы сайыста өздерін таныстырып, ұмыт қалып бара жатқан салт-дәстүрді жандандырып, қазақтың бай дастарқанын айшықтауға барын салды.
Тартысты өткен сайыс барысында инабаттылық пен парасаттылық қасиеттерді бойына сіңіріп, үлгілі келін, ақылды ана, сүйікті жар атанған, қазақы қалпынан танбаған аяулы келіндерді көрдік. Ақылына көркі сай әр іс-әрекеттерінен ізеттілік байқалатын келіндер сайыс ережесіне сай өнер көрсетумен қатар өздері таңдаған дәстүрдің қыр-сыры мен бағыт-бағдарынан сыр шертіп, жіліктеп, жіктеп айтып өтті. Осындай тұла бойы сан мың өнерге бай, зейінді келіндер барда қазақтың ұлт ретінде қалыптасуы ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жалғаса беретіні анық.
Шараға Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкері Ынтымақ Боранбайұлы, ҚР мәдениет саласының үздігі, Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы мұражайының директоры Құттықыз Шайыққызы, «Шиелі аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің директоры Гүлдана Көпболсынқызы қазылық етіп, өнерпаздарды бағалады.
Қатысушылар байқаудың әр кезеңінде тапқырлығы мен біліктілігіне, көрсеткен өнеріне қарай әділ бағасын алып, марапат төрінен көрінді. Нәтижесінде Гүлжібек Әбжәлиев бас жүлдені жеңіп алды. Бірінші орынды Жазира Жексенқызы мен Сымбат Жәнібек, екінші орынды Нұржанат Нұрланова мен Эльмира Тәжік, Айгүл Еркінбайқызы иеленді. Ал үшінші орын Гүлсара Сакенова, Айсара Шахизада мен Айерке Шайлановаға бұйырды. Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан дайындалған Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар үлестірілді.
Байқау соңында әділқазылар мүшесі Құттықыз Ыханова сөз алып, жүрексінбей байқауға қатысып, бар өнерін ортаға салған келіндерге шын жүректен ризашылығын жеткізді.
– «Адам ұрпағымен мың жасайды» деп халық тегін айтпаған. Осындай ұрпақ жалғастығы ақ жаулықты аналарымыз аман болсын. Әрбір ұлттың сан ғасырдан бері ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан ізгі мұраларын және ұлттық салт-дәстүрлердің құндылықтарын, ұлттың бойындағы ұлттық үрдіс пен ұлттық рухты жас келіндердің бойына сіңіру, жас келіндерге адамгершілік, ұлттық, ізеттілік, имандылық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараны ұйымдастырушыларға ел атынан үлкен алғысымызды білдіреміз, – деп жүлдегерлерді арнайы дипломмен және ақшалай сый-сыяпатпен марапаттады.

Г.Әбдіхани
03 желтоқсан 2024 ж. 51 0

Қоғам

ҒАСЫРҒА ИЕК АРТҚАН БАСЫЛЫМ
03 желтоқсан 2024 ж. 53

Толағайлар тартысы

03 желтоқсан 2024 ж.

ОЛЖАЛЫ БОЛУ ОҢАЙ МА?

03 желтоқсан 2024 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

29 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031