ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ дерт және көптің белсенділігін қажет етеді. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын бұл індет саяси даму жолындағы барлық елдердің оң жетістіктеріне өз кедергісін тигізуде.
Қазақстан – ТМД елдерінің ішінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылдаған тұңғыш мемлекет. Заңда «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі» деп түсіндіріледі.

Яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы стретегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті дегеніміз, ол сол тұлғаның қоғам қауіпсіздігіне және игілігіне сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы білімін қамтитын қасиеті. Ол индивидтің жай ғана сыбайлас жемқорлықты төзбеуі ғана емес, сонымен қатар оны жоюға, онымен күресуге талпынуы болып табылады.
Қазақстан Республикасының әр азаматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра білсе еліміздің дамуы бұданда биік дәрежеге көтерілетіні хақ. Жалпы, кез-келген қызметкер өз отбасында, әріптетерінің арасында осы бір қағидаларды ұран қыла білсе, бұл індеттің түбімен жойылатыны анық.
Әрбір қоғам дамуының жақсы жағымен қатар көлеңкелі тұсы да қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-ахуалының жақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз болып табылады.
Мемлекет басшысы «Мемлекет және қоғам болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қажет. Сыбайлас жемқорлық жай ғана құқық бұзушылық емес. Ол мемлекетке деген сенімділікті жоғалтады және ұлттық қауіпсіздікке де тікелей қауіп тудырады» деген болатын.
Сыбайлас жемқорлық Тәуелсіздігімізге қатер тудыратыны, мемелекеттік биліктің тиімділігін жоғалтып, қоғамның мемлекетке деген сенімін бұзатыны, еліміздің экономикалық-әлеуметтік және рухани дамуына кедергі келтіретіні анық. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республиксы азаматтарының борышы.
Тұрар Мұсаханов,
аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтықтық
жұмыстар бөлімінің басшысы
аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтықтық
жұмыстар бөлімінің басшысы