Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Канелоның» спорттық комиссияға тапсырған допинг сынағының қорытындысы шықты

«Канелоның» спорттық комиссияға тапсырған допинг сынағының қорытындысы шықты



Екі салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) он күн бұрын Мексикада Невада штатының Атлеттер комиссиясының допинг-сынағынан сәтті өтіпті. Бұл туралы BoxingNews24 порталы өзінің дереккөзі Дэн Рафаэльге сілтеме жасап хабарлайды. Еске салайық, қаңтар айында Альварес екі бірдей допинг сынақтан өте алмай қалған еді. Оның қанынан кленбутерол дәрумені табылған. Одан кейін мексикалық боксшы 5 мамыр күні орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-0-1, 34 КО) жоспарланған кездесуден бас тартса, ал комиссия оны жарты жылға бокстан шеттетті. Содан соң «Канело» өзінің кінәлі емес екенін дәлелдеу үшін шашынан да сынақ тапсырды. Ол тесттің қорытындысы бойынша кленбутерол дәрумені оның ағзасына байқаусызда түскенін және бұл дуруменді боксшы ұзақ уақыт бойы қолданбағанын көрсетті. Енді «Канелоның» жаза мерзімі тамыз айында аяқталады. Ал боксшы шаршы алаңға 15 қыркүйекте қайта ораламын деп отыр. Соңғы жаңалықтарға қарағанда, ол енді келесі кездесуінде Головкинмен шықпайтын секілді. Келіссөздер қазіргі уақытта тоқталып қалған. Себебі, екі боксшының командасы жекпе-жектен түсетін табысты бөлісе алмай жатыр. Головкиннің командасы табыстың жартысын алғысы келетін болса, «Канелоның» командасы тек 35 пайызын ғана ұсынып отыр. Ал бірінші кездесуі үшін отандасымыз тек 30 пайыз ғана алған еді. Мексикалық боксшының командасы кездесуді әлі де ұйымдастыруға болады деп отыр. Ол үшін Головкиннің командасы бірінші ұсынысты қабылдауы керек екен.

24.kz
29 мамыр 2018 ж. 813 0