Қазақтың тұңғыш әлем чемпионы туралы көркем фильм жарыққа шығады
Тұңғыш әлем чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасов туралы көркем фильм көрерменге жол тартады, деп хабарлады turkystan.kz.
Фильм режиссері Қанағат Мұстафин тарихи фильм сценарийіне 2012 жылы кірісіп, 2020 жылы түсірілімін бастап, 10 жылдан астам уақыт зерттеу жүргізіп, үлкен экранға ұсынбақ.
Туынды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілді.
Қажымұқан Мұнайтпасов - француз күресінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ, әлемдік, өңірлік, ресейлік, кейін Бүкілодақтық супер ауыр салмақтағы классикалық күрес чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы.
Француз күресінен чемпион атағын жеңіп алған, аса ауыр салмақта өткізілетін классикалық күресте бүкілодақтық және әлем чемпионаттарының бірнеше рет жеңімпазы атанған тұңғыш қазақ баласының ғұмырымен өскелең ұрпақ танысу керек, білу керек, ұлықтау әрі үлгі алу керек деген ниетпен үлкен экранда жарқ етпек.