Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІНДЕ 140 ЖОБА ҚОЛДАУ ТАПТЫ

«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІНДЕ 140 ЖОБА ҚОЛДАУ ТАПТЫ

Өңірімізде «Ауыл аманаты» жобасының екінші кезеңі басталғалы 934 млн теңгені құрайтын 140 жоба қаржыландырылып үлгерілді.Осылайша бірінші траншпен бөлінген қаржы толығымен игерілді. Бұл туралы бүгін «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарушы директоры Мадали Әлішерұлы мәлімдеді.
Қолдау тапқан жобалардың басым көпшілігі өңдеу саласы мен ауыл, мал шаруашылығын дамыту және басқа да бағыттағы бизнес бастауды мақсат еткен жобалар. Мәселен, мал шаруашылығымен айналысамен деген тұрғындардың 32 жобасына – 279,5 млн теңге, егін шаруашылығын қолға алғандардың 7 жобасына – 43,37 млн теңге, өңдеу саласымен айналысқысы келетіндердің 17 жобасына 104,02 млн теңге көлемінде несие берілді. Сонымен бірге басқа бағыттағы 84 жобаға 507,6 млн теңге несие берілді.

25 қыркүйек 2024 ж. 322 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031