Әже сөзі – тәрбие көзі
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дейтін қазақ даналығының ақиқаттығы дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Баланың алғашқы мектебі, қоғамдық институты – отбасы. Тал шыбықтай солқылдап тұрған бала сол отбасындағы жақсы-жаманның бәрін бойына сіңіреді. Демек, ұл ұжданды, қыз қылықты болуы ең алдымен отбасыдан. Көпке топырақ шашудан адамыз, бірақ бүгінгілер балаларын ата-әжеден алыстатып, балабақша мен мектеп тәрбие береді деп жүр. Олар асыл қазыналардың жол сілтер ақылы, салмақты ойы, пайымды пікірі тек балаларымен немерелері үшін ғана емес, қоғам үшін де өте құнды екенін естен шығарып алған сыңайлы.
Қазіргі қоғам әже тәрбиесіне зәру. Бұрынғы үлкендердің айтар әңгімесі, берер тәрбиесі бөлек етін. Соңғы уақытта қоғамды дендеп бара жатқан рухани құлдыраудың түп-төркіні аталар академиясы мен әжелер институтының әлсірегендігін сездіреді. Тіпті, бүгінгі күнде «баланы ата-әжесінің тәрбиелеуі бала психологиясына зиян» деген адамдарды көз көріп, құлақ естіп жүр. Пайымдауларынша, қазақы дәстүрде жас жұбайлар тұңғышын «кемпір-шалдың» баласы деп солардың бауырына салу, осы ұлттық дүниені дәріптеу ескінің қалдығы. Әже әлдиін естімей, «әже» сөзіне шошына қарайтындар сейілмей келеді. Немере тәрбиесіне көңіл бөліп, ұлттық құндылықты бала күнінен санасына сіңіретін қариялар азайып барады.

Осының алдын алу үшін бізге шет елдің психологиясын тықпаламай, керісінше, ұлттық психологияны қайта жаңғырту қажет. Балаға ата-әженің махаббатын мейлінше сезіндіру керектігін алға тартады жетпестің желкенін керген әжей Махсат Әнуарбекова.
– Мұның астарында туыстық қарым-қатынастың үзілмеуіне бастар жолдың жатқандығын түйсінгеніміз жөн. Ата-әже тәрбиесінен жаман бала шыққанын көргенім жоқ. Қайта дана, ақылгөй балалар осы тәрбиеден шыққан еді. Қазақ бұл дәстүрден ұтпаса, ұтылған жоқ. Өкінішке орай, кей жастар әке-шешесінен бөлек кетіп, ата-әже тәрбиесін жат көріп жүр, – дейді Махсат әжей.
Дегенмен де, ата-әже мектебінің білімі, тәлімі мен тәрбиесі өте жоғары әрі терең екені анық. Олар ертегі, әпсаналарды айтқанда да сол кейіпкердің образын сомдағанда бірден жаман мен жақсыны, адал мен арамды, ақ пен қараны ажыратуға машықтанып қалатынбыз. Балалардың бәрі ұйып тыңдайтын көптеген ертегінің соңында мұратына жетіп, бақытты болып жататын. Сол шақта арманның ақ кемесіне отырып алып, біраз тәтті қиялға батып та кететінбіз. Қазіргі балаларға бұрын бізде сондай болған, әжелеріміз батырлар жырын, арысы «Ұртоқпақ», берісі «Мақта қызды» айтатын деп көріңізші?! Олар үшін бұл құдды аңыз іспеттес. Бірақ бұл ақиқат.
Бүлдіршіндердің тек теледидар мен телефонға ғана телміріп өсіп келе жатқандығы қынжылтады. Сол себепті де, біз қоғам болып ата-әжесіз өсіп келе жатқан балалардың болашағына алаңдауымыз қажет. Өйткені, бүгінгі тәй-тәй басқан балақандар ертеңгі болашақтың иелері. Олай болса енді ғана бүр жарып келе жатқан жас өскіндеріміздің тамырына қазақы, ұлттық тәрбиенің дәнін егейікші. Жастайынан олардың тамырына балта шапқанша, ізгі қоғам қалыптастыруға атсалысқанымыз абзал.
Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, қырғауылы қызыл екен… Сәл дем алып барып, әрмен қарай жалғасатын ертегілерді естімегелі көп жылдың жүзі болды. Біздер қайта бұл сөзді естіп өстік қой. Ал бүгінгі ұрпақ ше?
С.БАХТИЯРҚЫЗЫ