Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "ТӘРТІПТІҢ ЕҢ ТАМАША МЕКТЕБІ - ОТБАСЫ" АТТЫ ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

"ТӘРТІПТІҢ ЕҢ ТАМАША МЕКТЕБІ - ОТБАСЫ" АТТЫ ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

Кеше Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінде І-ІІ курс білім алушыларының жалпы ата-аналары арасында жиналыс өткізілді.
Жиналыстың мақсаты – 2023-2024 оқу жылының қорытындысы және жаңа 2024-2025 оқу жылының басталуы, колледжішілік ата-аналар комитетінің құрамын сайлау. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау бағытында, оның ішінде қылмыс, зорлық-зомбылық, буллинг, суицид, жаныстық тиіспеушілік, нашақорлық, өзге діни көзқарас, түнгі мезгілде көшеде жүрмеу, электронды темекіге әуестенуі, өз-өзіне қол жұмсауы, ерте жүктілік, ойынқұмарлық, топтық төбелестер мен әлімжеттік, заңды өкілсіз өзге қалаға кетпеу бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Жиналысты колледж директоры Дүйсенов Мейрамхан Мұсаханұлы ашып, жиналысқа қатысушы Д.Болатов - Шиелі аудандық полиция бөлімінің ЖПҚб ЮПт-ның аға инспекторы, полиция мойоры және ата-аналар комитетінің құрамы мүшелерімен таныстырды.
Жиналыс барысында директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Дайрақұлов Бақтияр Таубайұлы колледжде 2024-2025 оқу жылына атқарылатын жұмыстарға тоқталып, жаңа оқу жылындағы жаңалықтармен таныстырып, баяндама жасап, слайд арқылы түсіндіріп, барша ата-аналарға жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
Жалпы ата-аналар тарапынан сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар берілді.
21 қыркүйек 2024 ж. 298 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (9327)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (9326)

11 тамыз 2025 ж.

№58 (9325)

05 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031