Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарамұрын кенішінде арнайы-тактикалық жаттығулар өтті

Қарамұрын кенішінде арнайы-тактикалық жаттығулар өтті

Қарамұрын кен орнында тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізілді. Онда "РУ-6" ЖШС, "KAP Logistics" ЖШС "Шиелі-Сұңқар" филиалы, кәсіби авариялық-құтқару қызметтері және мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет көрсететін қызмет көрсетушілер аварияларды оқшаулау және жою, қамтамасыз ету бойынша бірлескен іс-қимылдарын теориялық және практикалық машықтары пысықталып адамдар мен материалдық құндылықтар қауіпсіз жерге эвакуацияланды.


Оқу-жаттығудың тақырыбы - "РУ-6" ЖШС "Солтүстік Карамұрын" кенішінде табиғи уранның химиялық концентраты бар ТУК-118 қаптамаларын тасымалдау кезінде орыналған 2-санаттағы радиациялық апат деп аталды. Аңыз бойынша апат арнайы көліктің күрт тежелуі нәтижесінде орыналды. Соның салдарынан жүргізушінің кабинасында сымдар өртеніп кетті. Нәтижесінде бір ТУК-118 қаптамасына механикалық зақым келді.

Оқу-жаттығуға қатысқан барлық қызметтеркерлер ұйымшылдық пен үйлесімділік көрсетті, соның арқасында апаттың салдары жедел түрде жойылды.
Оқу-жаттығу барысын "Самұрық-Қазына" АҚ еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік секторының басшысы Ербол Елекеев, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ өндірістік қауіпсіздік департаментінің директоры Манас Ысқақов және басқа да бірқатар жауапты тұлғалар бақылады.
20 қыркүйек 2024 ж. 413 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (9426).

08 тамыз 2026 ж.

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31