Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында 7 мыңнан астам тұрғынға өзіне тиесілі тегін дәрілер берілмеген

Қызылорда облысында 7 мыңнан астам тұрғынға өзіне тиесілі тегін дәрілер берілмеген

Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысының прокуратурасы 7 мыңнан астам тұрғын өзіне тиесілі тегін дәрі-дәрмекті алмағанын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тегін медициналық көмек аясында облыстың тұрғындар дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілмеген.
Сондай-ақ емханаларда балалардың жасы ескерілмей, кәмелетке толмағандарға мыңнан астам дәрі-дәрмек негізсіз жазылған.
"Дәрігердің нұсқауынсыз 170 адам инсулиндік дәрі-дәрмек алған. 68 дәрі-дәрмекті сақтау талаптары бұзылып, нәтижесінде екі науқасқа жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмек тағайындалған. Сондай-ақ облыстағы 14 медициналық ұйымда 19 қызметкер заңсыз фармацевтикалық қызметті жүзеге асырған", – делінген хабарламада.
Осы бойынша уәкілетті органдарға прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, 93 тұлға жауапкершілікке тартылғаны атап өтілді.
11 қыркүйек 2024 ж. 258 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930