Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ МЕКТЕПТЕН БАСТАЛАДЫ

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ МЕКТЕПТЕН БАСТАЛАДЫ

Бүгінде халықтың қаржылық сауаты сын көтермейді. Әйтпесе арамызда жүрген кейбір адамдар банктер мен микроқаржы ұйымдарынан қаптатып несие алып, қаржы пирамидалары мен желілік маркетингтердің тұзағына түспес еді. Осының бәрі – қаржылық сауатты ойланбаудың салдары. Халықтың қаржылық қызметтер мен құралдарды дұрыс әрі тиімді пайдаланып, жалған бизнессхемаларды бірден анықтай алуы үшін белгілі бір деңгейде қаржылық білім болуы керек. Ал жеке тұлғаның қаржылық сауатының қалыптасуы мектептен басталатыны даусыз. Сол себепті де биылдан бастап қаржылық сауаттылық негізін мектеп қабырғасынан бастап оқыту жоспарланып отыр. Ол үшін «AMANAT» партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында мұғалімдерді қаржылық сауаттылықты оқыту дағдыларына үйретуде. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша берген тапсырмасын жүйелі жүргізуге ықпал етіп отыр. Бес күндік қаржылық сауаттылықты арттыру курсынан қала және аудандық білім бөлімдері мамандары оқытылады. Курсты табысты аяқтаған мамандар мұнан әрі мектеп мұғалімдеріне дәріс береді. Осылайша мектеп бағдарламасына яғни жоғары сынып оқушыларына арналған қаржылық сауаттылықты арттыру пәнін арнайы дәрістен өткен мұғалімдер жүргізетін болады. Сөйтіп «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасы аясында аймақтағы 270 мектептің оқушылары қаржылық сауаттылықты арттыратын болады. Дәл қазір аудандағы 35 мұғалім аталған жоба аясында білімдерін жетілдіруде. Бұл пәнді оқытудағы мақсат айқын – оқушыларды ақшаны тиімді жұмсауға үйрету, қаржыны үнемдеу және сақтау шеберлігі мен дағдысын қалыптастыру, оқушының өзіне тиесілі ақша қорының шыққан көзін жақсы білуін қамтамасыз ету (табыс көзі, жинаған ақшасының көлемі, инвестиция, қарыз және тағы басқалар). Ең бастысы оқушылар бұл пән арқылы күмәнді қаржы ұйымдары, олардың пайда болу себептерін, құры-лымын және жұмыс істеу механизмін түсіну қажет. Сонда ғана уақыт өте елдегі қаржы пирамидаларына алданушылар саны азайып, қолында бар қаржысын сауатты жұмсай алатын адамдар саны артады.
Г.СӘБИТҚЫЗЫ
22 тамыз 2024 ж. 212 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031