КОММУНАЛДЫҚ ТАРИФТЕРДІҢ РЕТТІЛІГІ ҮНЕМІ НАЗАРДА

– Жаңа тарифтік саясатты жүзеге асыру мақсатында Қызылорда облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасымен бірлесе отырып, 2023-2024 жылдар ішінде коммуналдық саладағы табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламалары қайта қаралып бекітілді. Осы бағдарламалар «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ желілерінің тозу деңгейін 64,08 пайызға «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК 41,84 пайызға, «Қызылорда су жүйесі» МКК 17,07 пайызға төмендетті. Сондай-ақ, облыс орталығындағы вокзал маңы бөлігі мен өңір разъездеріндегі тұтынушыларды сумен қамтамасыз ететін «Теміржолсу-Қызыл-Орда» ЖШС 55,13 пайызға дейін төмендеген.
Айта кету керек, 2029 жылға дейін тозу деңгейін 15-20 пайызға төмендету мақсатына қол жеткізу үшін жүйелі жұмыстар одан әрі жалғасатын болады. Сонымен қатар, биылғы жылдың бес айындағы жұмыстар қаралып, келесі тарифтер бекітілді: «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ 15 сәуірден бастап 27 пайызға, «Кызылорда су жүйесі" МКК-ның суды бұру қызметіне 1 мамырдан бастап, орташа тариф 1,6 пайызға өзгеруімен, ал тұрғындар үшін 4 пайызға өзгеруімен, бюджеттік ұйымдар, басқа тұтынушылар үшін және жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорындар үшін тарифтер қолданыстағы деңгейінде қалдырылды,- деді Күлдарайхан Тоқанқызы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі