Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Журналистерге арналған «Парасат» конкурсы басталды

Журналистерге арналған «Парасат» конкурсы басталды

ҚР Парламентінің Сенаты бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасындағы «Парасат» конкурсының басталғанын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өтінім берген жылдың алдындағы жылдың 21 мамырынан бастап өтінім берген жылдың 20 мамырына дейін Сенат қызметін жария ету жөніндегі авторлық ұжымдардың да, жекелеген авторлардың да БАҚ-та жарияланған материалдары конкурсқа қатысуға жіберіледі.

«Сіздерді конкурсқа қатысуға және өз жұмыстарыңызды жіберуге шақырамыз. Конкурс қағидасының толық мәтіні және өтінішке қажетті бланкі Сенаттың ресми сайтындағы «БАҚ-қа арналған» бөлімінде орналастырылды. Материалдар 10 маусымға дейін қабылданады. Конкурс қорытындысы ҚР Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай шығарылып, лауреаттар жарияланады», делінген хабарламада.

Материалдарды Senat_Press@parlam.kz электрондық поштасына жіберу қажет.
30 мамыр 2024 ж. 307 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031