Электрондық қылмыстық істің қолдану тиімділігі
Қазақстан Республикасында сот жүйесін жетілдіру бойынша көптеген реформалар сәтті жүзеге асырылып, нәтижесінде республикамыздың сот жүйесінің жұмысының сапасы уақыт өткен сайын артып, еліміздегі сот жүйесінде электронды сот төрелігі қарқынды дамып келеді.
Осы орайда, сот төрелігін электронды жүзеге асыруда Е-қылмыстық істердің(электронды қылмыстық іс) маңызын атап өткен жөн.
Электрондық қылмыстық іс-электрондық құжат айналымын дамытудың шарықтау шегі. Бұл мәселені шешудің әртүрлі деңгейінде көптеген елдер қолға алып, бұл бағытта жұмыстар атқарды.
Қазақстан Республикасында 2017 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне қылмыстық сот ісін қағаз және электронды түрде жүргізуге мүмкіндік беретін «Қылмыстық сот ісін жүргізу форматы» атты 42-1-бап енгізу арқылы, қылмыстық істерді электрондық форматта тергеуге мүмкіндік беретін өзгерістер енгізілді.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты сайтының материалдарына сәйкес, бірінші электрондық қылмыстық іс 2018 жылғы қаңтарда қаралды. Енгізілген өзгерістерге сай қылмыстық сот ісін жүргізу форматының 2 түрі көзделген: қағаз және электрондық.
Статистикалық мәліметтерге сай, бүгінгі күні аудандық сотқа түсіп қаралатын қылмыстық істердің барлығы электронды форматта қаралуда, бұл оның тиімділігінің жоғары деңгейде екендігін көрсетеді.
ҚР ҚПК электрондық құжат ұғымын қамтиды, оны ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат ретінде айқындайды (ҚР ҚПК 7-бабының 15-тармағы). Электрондық құжат нысанында: қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз (ҚР ҚПК 181-бабының 1-бөлігі); азаматтық талап (ҚР ҚПК 167-бабының 5-бөлігі); сот отырысының толық немесе қысқа хаттамасына ескертулер (ҚР ҚПК 348, 348-1-баптары); бас сот талқылауының хаттамасы (ҚР ҚПК 347-бабының 8-бөлігі) болуы мүмкін; прокурордың апелляциялық шағым беру мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхаты( ҚР ҚПК 419-бабының 1-бөлігі); заңды күшіне енген сот актілеріне ұсыныс енгізуге, наразылық келтіруге құқығы бар адамдардың өтінішхат беру үшін қылмыстық істі талап етуге сұрау салуы (ҚР ҚПК 486-бабы); өтінішхат, наразылық немесе заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы ұсыныс сот актілерінің заңды күші (ҚР ҚПК 488-бабының 1-бөлігі). Электрондық құжаттар түрінде дәлелдемелер ресімделуі мүмкін: сарапшының қорытындысы (ҚР ҚПК 283-бабының 1-бөлігі); маманның қорытындысы (ҚР ҚПК 117-бабы) және т.б процестік құжат түрлері көрсетілген.
Жәбірленушінің қорғаушысы мен өкілі техникалық құралдардың көмегімен қылмыстық іске қатысты ақпаратты иеленуі мүмкін тұлғалардан жауап алуға құқылы. Мұндай сауалнаманың барысы мен нәтижелері қылмыстық іске қосылатын электрондық жеткізгіште көрсетілуі мүмкін (ҚР ҚПК 122-бабы 3-тармағының 5-тармағы). Күдікті, айыпталушы, қорғаушы, жеке айыптаушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері, сондай-ақ кез келген азаматтар мен ұйымдар оларды дәлелдемелер ретінде қылмыстық іске қосу үшін электрондық құжат нысанындағы мәліметтерді беруге құқылы (ҚР ҚПК 122-бабының 4-бөлігі).
Электронды қылмыстық істің келесідей тиімді тұстары бар:
Біріншіден, қылмыстық іс материалдарын жіберуге уақыт үнемділігі және қағаз шығыстардың қысқартылуы.
Екіншіден, қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушыларды қылмыстық іс материалдарымен таныстыру кезіндегі ыңғайлылық және сақтаудың ықшамдылығы, көшірудің жеңілдігі.
Үшіншіден, қылмыстық істерді тергеу жеделдетіледі, соттан санкцияны электронды түрде алуға болады, аналитика күшейеді. Әрбір қылмыстық іске терең үңіліп, дұрыс практиканы қалыптастыруға мүмкіндік ашылады, жәбірленуші, айыпталушы, адвокат істің қалай қаралып жатқанын кез-келген уақытта онлайн режимде көре алады.
Төртіншіден, электрондық ақпаратты көшірудің, сақтаудың, берудің техникалық құралдары қағаз қылмыстық іс жүргізу құжаттарын қажетсіз етеді, яғни тек электрондық құжат айналымына көшуге болады.
Бұл сонымен қатар кеңсе шығындарын үнемдейді. Сонымен бірге, жоғары сапалы компьютерлік техниканы, сканерлерді, бейнекамераларды және т. б. сатып алу шығындары артады.
Соңғы кезде қазақстандық сот төрелігі жүйесі қоғам үшін неғұрлым қолжетімді әрі ашық бола түсуде. Сот істерін қарау сапасы мен жеделдігін арттырудың тұрақты үрдісі де байқалып келе жатқан оң құбылыс.
Президентіміздің «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асыру аясында жүзеге асырылып жатқан мұндай бастамалар, соттардың халықпен өзара іс-қимылындағы барлық мәселені кеңінен қамти отырып, республикамызда «электронды сот төрелігін» мейлінше дамытуға, төрешілдік кедергілерді болдырмауға, азаматтардың уақыты мен қаржысын үнемдеуге, ел тұрғындарының игілігі үшін сот жүйесінің қолжетімді әрі барынша ашық болуына жағдай туғызады.
Н.БЕКЕТАЕВ
Шиелі аудандық сотының төрағасы