Шаруаларды алаңдатқан мәселе
Сәуір айының соңына таман таулы өңірдің халқынан маза қашады. Кеген ауданының Ұзынбұлақ, Қарабұлақ, Жылысай, Жалағаш ауылдық округтерінің егіс және шабындық алқаптарындағы шытыр гүлдерін рапс жапырақ жемірі жайлап, өсімдіктің жапырақтарын кеміріп, орасан зор зиян келтіреді. Тұрғындар дабылынан соң, аталған өңірге Алматы облыстық аумақтық инспекциясы мен сала мамандары зиянкеспен күрес жұмыстарын жедел ұйымдастырды. Әкімдік өкілдері мен ауыл тұрғындары бірлесе атқарған улау жұмыстары нәтижесін беріп, аз уақыттың аралығында зиянкестердің көзі жойылды.
«Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Кеген аудандық филиалының алдын ала мәліметтеріне сәйкес Кеген ауданында 2900 гектар аймаққа рапс жапырақ жемірі таралған. Кеген ауданы әкімінің орынбасары Мұхтар Батырханұлының айтуынша, Ауыл шаруашылығы министрлігі арқылы ауданға дәрі шашатын 2 трактор құрылғыларымен және су таситын көлік жеткізіліп, улау шарасы атқарылды.
Қазір Қарабұлақ ауылдық округінде 2850 гектар егістік алқап бар, оның 395 гектары игеріліп жатыр. Ауылдық округ тұрғындарының және шаруа қожалықтарының қаражаты есебінен 1200 гектар жерді дәрілеу жоспарланып, бүгінде 200 гектар жер дәріленген. Алматы облысы әкімдігінің көмегімен 500 гектар жерді залалсыздандыруға арнайы техника мен дәрі жеткізіліп, Қарабұлақ, Жалағаш ауылдық округтеріне қарасты егіс алқаптарына себілген. Сонымен қатар шаруа қожалығы төрағаларының және ауыл азаматтарының өз қаражаты есебінен 1000 гектар жер телімін өңдеу жұмыстары ұйымдастырылған.
Алайда рапс жапырақ жемірі Кеген ауданындағы ауылдық округтер аумағында ғана емес, жуырда Ұйғыр ауданында да пайда болды. Қарадала төсінде өрген қара құрт алақандай жермен күнелтіп отырған шаруаларды шошытты. Аудан әкімінің орынбасары Дастан Құдабаевтың ұйытқы болуымен Қырғызсай, Үлкен Ақсу, Шонжы ауылдық округтеріне тиесілі жайылымдық жерлерді жайлаған зиянкестерді залалсыздандыру жұмыстарымен сала мамандары, шаруашылық иелері бірлесе айналысып жатыр.
Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Дархан Әбілғазиевтің айтуынша, Үкімет есебінен химиялық өңдеу жұмыстарына қаражат маманданған зиянды организмдерге қарастырылмаған, сондықтан әр жеке немесе заңды тұлға өз күшімен өңдеу жұмыстарын жүргізуге тиіс.
«Мәселенің туындауына шаруа қожалықтарының жер өңдеу шараларын уақтылы жүргізбеуінің де әсері жоқ емес. Аумақтық инспекция – өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині саласындағы реттеушілік, іске асыру және бақылау-қадағалау, сондай-ақ стратегиялық фунцияларды орындауға қатысады. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi мiндетi – мемлекеттің азық-түлiк қауiпсiздiгi мен қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету. Ауыл шаруашылығы дақылдарынан жоғары, сапалы өнім алудың бір бөлшегі – өсімдіктерді зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғау. Ел аумағында жайылымдар мен ауыл шаруашылығы дақылдарына зиянкестердің 50-ге жуық көпқоректі, яғни қорек талғамайтын және 100-ден аса мамандаған түрі, өсімдіктердің 70-ке жуық ауруы және 120-дан аса арамшөп зиянын тигізеді. Зиянды организмдер мәдени дақылдардың тек қана өсіп-өну кезінде ғана емес, сонымен қатар оларды сақтау кезінде және олардан алынған дайын өнімдерге де зақым келтіреді», дейді.
Айтуынша, Алматы облысында карантин нысанының 8 түрі тіркелген, олар – оңтүстікамерикалық қызанақ күйе көбелегі, калифорниялық қалқаншалы сымыры, шығыс жеміс жемірі, қоңыр мәрмәр қандала, арамшөптерден жатаған у кекіре, жусанжапырақты ойраншөп, арамсояу және бактериялық жеміс ағашының күйігі ауруы.
Аталған карантин нысандарына қарсы мемлекеттік инспекторлар тарапынан шаруашылықтар мен құзырлы мекемелерге тиісті іс-шаралар жүргізу жөнінде нұсқамалар беріледі. Өткен жылы 95 нұсқама және 125 ұсыным хат берілген.
Маман сонымен қатар өңірдегі шегірткеге қарсы күрес шаралары туралы да айтып өтті.
«Алматы облысы бойынша республикалық бюджет есебінен ерекше қауіпті шегіртке тектес зиянкестерге қарсы биыл жүргізілетін өңдеу жұмыстарының алдын ала болжам көлемі – 67,654 мың гектар, оның ішінде азиялық шегірткеге – 10,040 мың гектар, ал италиялық прусқа қарсы химиялық өңдеу көлемі 57,614 мың гектарға жоспарланып отыр. Осы жылы аса қауіпті үйірлі шегіртке зиянкестеріне қарсы жұмыстарға 10 жерүсті техникасы, 1 жеңіл ұшақ, 3 аса жеңіл ұшақтардың қатыстырылуы жоспарланып отыр. Облыс бойынша жергілікті бюджет есебінен саяқ шегірткеге қарсы 2024 жылы жүргізілетін өңдеу жұмыстарының алдын ала болжам көлемі 41,589 мың гектар болып бекітілді. Мониторинг қорытындысына сәйкес Алматы облысы бойынша аса қауіпті үйірлі шегірткелердің таралған аймақтарының арнайы картасы жасалды», дейді.

Алматы облысы