Қазақстанда он бесінші облысты құру ұсынылды
Бүгін филолог Мырзантай Жақып «Оңтүстік Қазақстанды екіге бөліп, Мырзашөл, Қызылқұм және Сарыағаш өңірлеріндегі аудандардан Қазақстанның 15-ші облысын құрған жөн»,- деп ұсыныс жасады. Оның айтуынша, 305 мың халқы бар Мақтаарал ауданын түкпірде қалдыруға болмайды.
Бұған дейін нақты Жарлық шықпаса да, Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесі беріп, ОҚО орталығын Түркістанға ауыстыру туралы бастама көтерілген. Негізі бұл тақырып бұрыннан талқыға салынып жүр. Бірақ аталмыш мәселеге байланысты халықтың пікірі қақ жарылып отыр. Біреулер «екі дүние есігі, ер түріктің бесігі» атанған тарихи қалаға облыс орталығы мәртебесін лайық көрсе, екінші тарап Түркістан мен кейбір шалғай аудандардың арақашықтығы алыстап кететінін алға тартады.
Мәселен, Мақтаарал ауданының орталығы Жетісай қаласынан Шымкентке дейінгі қашықтық – 232 шақырым. Ал Түркістан қаласы Шымкенттен 170 шақырым жерде орналасқан.
– Оңтүстік Қазақстан облысының орталығын Шымкенттен Түркістанға көшіру мәселесі ресми түрде шешімін тапса, Мырзашөл өңіріндегі ағайын облыстың жаңа әкімшілік орталығына жету үшін 400 шақырымнан астам жол жүреді, - дейді М. Жақып.
Сонымен қатар ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев Мақтаарал ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаевқа еңбек күші мол Мақтаарал ауданынан еңбек күші жетіспейтін солтүстік өңірлерге қоныстану бойынша жергілікті жұртшылық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырған еді.
Алайда қарапайым халықты ұзақ жыл өмір сүрген жылы орнынан қозғау оңай шаруа емес екені анық.
Ал филолог М. Жақып Өзбекстанмен шекарадағы халықты солтүстікке көшіргеннен гөрі ол жерді гүлдендіріп, шекарадағы берік қамал қылуды ұсынып отыр. Ол үшін жаңа аудан құрылғанын қажет санайды.
– Оңтүстік Қазақстанды екіге бөліп, еліміздің ең қиыр күнгей тұсындағы және Сырдария өзенінің орта тұсындағы аудандар мен қалаларды біріктіріп, Қазақстанның 15-ші облысын ашқан өте орынды, - дейді М. Жақып.
Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстаннан шығарып, жаңа облыстың құрамына кіргізуге болатын аудандар мен қалалардың тізімін де көрсетті.
Олар:
- Арыс қаласы (халқы 74 064 адам);
- Мақтаарал ауданы (қайта қалпына келтірілетін Жетісай және Асықата аудандарымен бірге – халқы 304 442 адам);
- Сарыағаш ауданы (қайта қалпына келтірілетін Келес ауданымен бірге – халқы 326 426 адам);
- Шардара ауданы (халқы 78 614 адам);
Ал жаңадан құрылатын 15-ші облыстың әкімшілік орталығы ретінде Жетісай немесе Шардара қалаларының бірін белгілеуді жөн санайтын көрінеді.
– Сонда еліміз үшін ерекше стратегиялық, саяси-әлеуметтік және экономикалық маңызы бар қиырдағы күнгей өңіріміздегі жалпы тұрғындарының саны 783 546 адам болатын жаңа 15-ші облыс Қазақстанның Өзбекстанмен шектесетін, ары қарай Тәжікстан және Ауғанстан мемлекеттеріне ұласатын шекаралық бөлігін мықты қорғаныс ретінде нықтап, бекемдеп тұратын еді, - деп сөзін түйіндеді Мырзатай Жақып.
Айта кетейік, бір апта бұрын ғана Елбасы Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Жарлыққа қол қойды. Жарлыққа сәйкес, Алматы облысындағы Райымбек ауданы екіге бөлінді. Жаңадан құрылған Кеген ауданының орталығы Кеген ауылы, Райымбек ауданының орталығы Нарынқол ауылы болып бекітілді.
Дереккөз: qamshy.kz