Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ОБЛЫС ӘКІМІ ШЫНЫ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ОБЛЫС ӘКІМІ ШЫНЫ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Кеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Orda Glass Ltd» ЖШС шыны зауытының жұмысымен танысты.
2022 жылдың қазан айында ашылған зауыт табақша шыны шығарумен айналысады. Жоба құны – 42,1 млрд. теңге, кәсіпорынның қуаттылығы – жылына 197,1 мың тонна. Мұнда 370 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Зауыт іске қосылғаннан бері құны 23,9 млрд. теңге болатын 19 млн. шаршы метр шыны өндірілді. Оның 70%-ы ел ішінде сатылды, 30%-ы Ресейге, Өзбекстанға, Қырғызстанға және Тәжікстанға экспортталды.
Аймақ басшысы зауыт жанынан жаңа өндірістер ашу мәселесін пысықтап, өңірге инвесторлар тарту бойынша кешенді шараларды қолға алуды тапсырды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
09 мамыр 2024 ж. 441 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№13 (9380)

17 ақпан 2026 ж.

№12 (9379)

14 ақпан 2026 ж.

№11 (9378)

10 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728