Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » КЕНЕГЕ ҚАРСЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

КЕНЕГЕ ҚАРСЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы – аса қауіпті аурулардың бірі. Шиелі ауданында оған қарсы күрес шаралары тиісті деңгейде жүргізілуде. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз орталығында өткен брифингте санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Әйтекеева Гүлзада Садықбекқызы мәлімдеді.
Сала басшысының айтуынша, жыл сайын эпидемиологиялық маусымда аурудың алдын алу шаралары күшейтіледі. 2024 жылға Шиелі ауданында көктемгі эпидмаусымында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруынан 20 елді мекен қолайсыз болып танылған. Ауданда Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алу мақсатында залалсыздандыру жұмыстары кесте бойынша 9 сәуірде басталды.
Залалсыздандыру жұмыстары 2 кезеңде жүргізіледі.( I кезең 09.04- 27.04, II кезең 09.05-27.05 аралығында)
Брифинг барысында Г.Әйтекеева 2024 жылдың бүгінгі күніне дейін КҚГҚ ауруы тіркелген жоқ, 13 кене шағу жағдайы болған.
2023 жылы ауданда эпидемиологиялық ахуал өте күрделі болып қалыптасып, облыс бойынша аурушаңдықтың 30 пайызын, өлім-жітімнің 66,6 пайызын құрады. Аудан бойынша 2023 жылы 17 күдікті науқас тіркеліп, оның 4-уінің диагнозы расталып, оның 2-уі өлім жағдайымен аяқталды.
Сондықтан алдағы эпидемиологиялық маусымда аудан бойынша тұрақты жағдайды қалыптастыруда кенеге қарсы өңдеу алдында мал қораларының тазалығы, мал бастарының өңдеумен толық қамтылуына, тұрғындарға кенеден сақтану шараларын насихаттау, аурудың алдын алу шараларына аса назар аударуымыз қажет, - деді санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы.
Тағы бір тілге тиек ететін нәрсе инфекцияны жұқтыру көп жағдайда кене шағумен, мал күтімімен , ауылшаруашылық жануарларын союмен , науқасқа күтім жасаумен байланысты болады.
Сол себептен тұрғындарға айтатынымыз, сақтық шараларын қатаң сақтау керек. Далаға, егістікке мал күтіміне қатысатын кездерде міндетті түрде ұзын жеңді ашық түсті киім киген дұрыс. Кене адам денесіне жабысқан жағдайдың өзінде бірден шағуға кіріспейді, кем дегенде 2-3 сағат өзіне қолайлы орын, яғни адам терісінің жұқа, қантамырларының өте жиі шоғырланған жерлерін іздейді. Сонан соң барып кене қоректенуге жабысады.
Сондықтан да кешкілік далалық жұмыстан келгенде сыртқы киімді сыртқа шешіп, қағып, жабысқан кене барма жоқпа екен деп өзін-өзі денесін қарап, егер кене жабысқан жағдайда міндетті түрде жалаң қолмен емес перчаткамен жаймен ғана ешқандай сұйықтық, май тамызбай тұмсық тұсынан тері қабатына саусақты батырыңқырап, ырғамай, тергемей, денесін қатты қыспай жоғары жұлып алу қажет.
Ең қауіпті болып есептелетін мамыр, маусым, шілде айлары кененің әсіресе геоломо тұқымдас кенелердің зақымдалуы өте жоғары. Осы кезеңде мүмкіндігінше барлық сақтық шараларын сақтаңыздар. Клиникалық белгілерден кене шағу шақпауы міндетті емес бірақ өте жоғарғы температура болса ( 39-400 С) ол дәрінің көмегімен тек қана қысқа мерзімге ғана түсіп одан кейін қайтадан басталып ,қалшылдап, дірілдеп тұмау тәріздес немесе құсып, жүрегі айнып, іші кеткен жағдайлар болатын болса үйде өз өзін емдеумен айналыспай, міндетті түрде медициналық көмекке жүгініп, медициналық бақылауда болған жөн.
19 сәуір 2024 ж. 259 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031